Quran Apps in many lanuages:

Surah Al-Araf Ayahs #153 Translated in Kazakh

وَلَمَّا سُقِطَ فِي أَيْدِيهِمْ وَرَأَوْا أَنَّهُمْ قَدْ ضَلُّوا قَالُوا لَئِنْ لَمْ يَرْحَمْنَا رَبُّنَا وَيَغْفِرْ لَنَا لَنَكُونَنَّ مِنَ الْخَاسِرِينَ
Олар қолдары төмен түскен қатты өкінген және өздерінің анық адасқандарын көрген кезде: «Егер Раббымыз бізге мейірім етпесе және кешірмесе, әлбетте, зиян көрушілерден боламыз», деді
وَلَمَّا رَجَعَ مُوسَىٰ إِلَىٰ قَوْمِهِ غَضْبَانَ أَسِفًا قَالَ بِئْسَمَا خَلَفْتُمُونِي مِنْ بَعْدِي ۖ أَعَجِلْتُمْ أَمْرَ رَبِّكُمْ ۖ وَأَلْقَى الْأَلْوَاحَ وَأَخَذَ بِرَأْسِ أَخِيهِ يَجُرُّهُ إِلَيْهِ ۚ قَالَ ابْنَ أُمَّ إِنَّ الْقَوْمَ اسْتَضْعَفُونِي وَكَادُوا يَقْتُلُونَنِي فَلَا تُشْمِتْ بِيَ الْأَعْدَاءَ وَلَا تَجْعَلْنِي مَعَ الْقَوْمِ الظَّالِمِينَ
Мұса еліне ашуланған әрі күйінген халде оралып: «Менен кейін істегендерің неткен жаман еді. Раббыңыздың әмірін тездеткілерің келді ме?» деді. Сөйтіп, қолындағы тақтайларды тастап жіберді де, бауырының басынан ұстап, оны өзіне қарай тартты. Һарун : «Әй, анамның ұлы! Негізінде, бұл ел мені басынып, өлтіре жаздады. Сондықтан мені дұшпандарға таба қылма әрі әділетсіз адамдармен бір деп есептеме!» деді
قَالَ رَبِّ اغْفِرْ لِي وَلِأَخِي وَأَدْخِلْنَا فِي رَحْمَتِكَ ۖ وَأَنْتَ أَرْحَمُ الرَّاحِمِينَ
Мұса : «Раббым! Мені және бауырымды кешір әрі бізді Өз мейіріміңе кіргізе гөр! Сен мейірім етушілердің ең Мейірімдісісің», деді
إِنَّ الَّذِينَ اتَّخَذُوا الْعِجْلَ سَيَنَالُهُمْ غَضَبٌ مِنْ رَبِّهِمْ وَذِلَّةٌ فِي الْحَيَاةِ الدُّنْيَا ۚ وَكَذَٰلِكَ نَجْزِي الْمُفْتَرِينَ
Күдіксіз, бұзауды құдай етіп алғандар, жақында Раббысының ашуына және осы өмірде қорлыққа ұшырайды. Өтірікті құрастырушылардың қайтарым жазасын Біз осылай береміз
وَالَّذِينَ عَمِلُوا السَّيِّئَاتِ ثُمَّ تَابُوا مِنْ بَعْدِهَا وَآمَنُوا إِنَّ رَبَّكَ مِنْ بَعْدِهَا لَغَفُورٌ رَحِيمٌ
Ал, жаман істер жасап, одан кейін істеген күнәсіне шынайы өкініп, Аллаһқа бойсұнуға қайтып тәубе етіп әрі иманға келген болса, ақиқатында, Раббың содан кейін де өте Кешірімді , ерекше Мейірімді

Choose other languages: