Quran Apps in many lanuages:

Surah Al-Araf Ayahs #129 Translated in Kazakh

قَالُوا إِنَّا إِلَىٰ رَبِّنَا مُنْقَلِبُونَ
Сиқыршылар : «Ақиқатында, біз Раббымызға қайтушымыз
وَمَا تَنْقِمُ مِنَّا إِلَّا أَنْ آمَنَّا بِآيَاتِ رَبِّنَا لَمَّا جَاءَتْنَا ۚ رَبَّنَا أَفْرِغْ عَلَيْنَا صَبْرًا وَتَوَفَّنَا مُسْلِمِينَ
Сен бізден Раббымыздың белгілері келген кезде, оған сенгеніміз үшін ғана өш алып отырсың. Раббымыз! Бізге сабыр түсір әрі бізді жанымызды Мұсылман бойсұнушы күйімізде ал», деді
وَقَالَ الْمَلَأُ مِنْ قَوْمِ فِرْعَوْنَ أَتَذَرُ مُوسَىٰ وَقَوْمَهُ لِيُفْسِدُوا فِي الْأَرْضِ وَيَذَرَكَ وَآلِهَتَكَ ۚ قَالَ سَنُقَتِّلُ أَبْنَاءَهُمْ وَنَسْتَحْيِي نِسَاءَهُمْ وَإِنَّا فَوْقَهُمْ قَاهِرُونَ
Фиръаун елінің бектері: «СенМұсаны және оның елін жер бетінде бұзу-бүлдірушілік істеулері үшін, әрі сені және сенің құдайларыңды тастауы үшін қоя бересің бе?» деді. Фиръаун : «Біз олардың ұл балаларын өлтіріп отырамыз да әйелдерін тірі қалдырамыз. Әрі, ақиқатында, біз олардан үстембіз», деді
قَالَ مُوسَىٰ لِقَوْمِهِ اسْتَعِينُوا بِاللَّهِ وَاصْبِرُوا ۖ إِنَّ الْأَرْضَ لِلَّهِ يُورِثُهَا مَنْ يَشَاءُ مِنْ عِبَادِهِ ۖ وَالْعَاقِبَةُ لِلْمُتَّقِينَ
Мұса еліне: «Аллаһтан жәрдем тілеңдер және сабыр етіңдер. Шын мәнінде, жер Аллаһтікі. Ол оны құлдарынан Өзі қалағанға мұраға береді. Соңғы нәтиже тақуалар Аллаһтың жазасынан қорқып, сақтанатындар үшін», деді
قَالُوا أُوذِينَا مِنْ قَبْلِ أَنْ تَأْتِيَنَا وَمِنْ بَعْدِ مَا جِئْتَنَا ۚ قَالَ عَسَىٰ رَبُّكُمْ أَنْ يُهْلِكَ عَدُوَّكُمْ وَيَسْتَخْلِفَكُمْ فِي الْأَرْضِ فَيَنْظُرَ كَيْفَ تَعْمَلُونَ
Исраилдіктер : «Бізге сен келместен бұрын да және сен келгеннен кейін де зәбір көрсетілуде!» деді. Мұса : «Мүмкін, сендердің Раббың дұшпандарыңды құртып, қалай амал жасайтындарыңды бақылауы үшін сендерді бұл жерде олардың орнын басушы етеді», деді

Choose other languages: