Quran Apps in many lanuages:

Surah Al-Ankabut Ayahs #25 Translated in Kazakh

يُعَذِّبُ مَنْ يَشَاءُ وَيَرْحَمُ مَنْ يَشَاءُ ۖ وَإِلَيْهِ تُقْلَبُونَ
Ол қалағанын азаптайды және қалағанына рахым етеді. Әрі сендер Оған қайтарыласыңдар
وَمَا أَنْتُمْ بِمُعْجِزِينَ فِي الْأَرْضِ وَلَا فِي السَّمَاءِ ۖ وَمَا لَكُمْ مِنْ دُونِ اللَّهِ مِنْ وَلِيٍّ وَلَا نَصِيرٍ
Әрі сендер жерде де, аспанда да Аллаһтың жазасын әлсірете алмайсыңдар және сендерге Аллаһтан басқа қамқоршы да, көмек беруші де жоқ»,- деп
وَالَّذِينَ كَفَرُوا بِآيَاتِ اللَّهِ وَلِقَائِهِ أُولَٰئِكَ يَئِسُوا مِنْ رَحْمَتِي وَأُولَٰئِكَ لَهُمْ عَذَابٌ أَلِيمٌ
Аллаһтың белгілеріне және Онымен жолығуға ақиретке күпірлік етушілер сенбеушілер, теріске шығарушылар , міне, солар Менің мейірімімнен үмітсіз болады. Әрі соларға күйзелтуші азап бар
فَمَا كَانَ جَوَابَ قَوْمِهِ إِلَّا أَنْ قَالُوا اقْتُلُوهُ أَوْ حَرِّقُوهُ فَأَنْجَاهُ اللَّهُ مِنَ النَّارِ ۚ إِنَّ فِي ذَٰلِكَ لَآيَاتٍ لِقَوْمٍ يُؤْمِنُونَ
Ибраһимнің шақыруына оның елінің жауабы: «Оны өлтіріңдер немесе өртеңдер», деу ғана болды. Ал, Аллаһ оны оттан құтқарды. Ақиқатында, мұнда сенетін адамдар үшін белгі-ғибраттар бар
وَقَالَ إِنَّمَا اتَّخَذْتُمْ مِنْ دُونِ اللَّهِ أَوْثَانًا مَوَدَّةَ بَيْنِكُمْ فِي الْحَيَاةِ الدُّنْيَا ۖ ثُمَّ يَوْمَ الْقِيَامَةِ يَكْفُرُ بَعْضُكُمْ بِبَعْضٍ وَيَلْعَنُ بَعْضُكُمْ بَعْضًا وَمَأْوَاكُمُ النَّارُ وَمَا لَكُمْ مِنْ نَاصِرِينَ
Ибраһим : «Негізінде, сендер осы өмірдегі өзара жақсы көрулеріңнен Аллаһтан өзгелерді табынатын нәрсе етіп алдыңдар. Кейін Қайта тірілу күні бір-біріңе қарсы шығып, бір-біріңді қарғайсыңдар. Сендердің баратын орындарың От әрі сендерге көмекшілер болмайды

Choose other languages: