Quran Apps in many lanuages:

Surah Al-Anfal Ayahs #64 Translated in Kazakh

وَأَعِدُّوا لَهُمْ مَا اسْتَطَعْتُمْ مِنْ قُوَّةٍ وَمِنْ رِبَاطِ الْخَيْلِ تُرْهِبُونَ بِهِ عَدُوَّ اللَّهِ وَعَدُوَّكُمْ وَآخَرِينَ مِنْ دُونِهِمْ لَا تَعْلَمُونَهُمُ اللَّهُ يَعْلَمُهُمْ ۚ وَمَا تُنْفِقُوا مِنْ شَيْءٍ فِي سَبِيلِ اللَّهِ يُوَفَّ إِلَيْكُمْ وَأَنْتُمْ لَا تُظْلَمُونَ
Оларға қарсы шамаларың келгенше күш-қуат және атты әскер әзірлеңдер, онымен Аллаһтың жауын және өз жауларынды әрі өзгелерді де сескендіру үшін. Оларды сендер білмейсіңдер, Аллаһ біледі. Аллаһ жолында не нәрсе жұмсасаңдар да өздеріңе толық қайтарылады әрі сендерге әділетсіздік жасалмайды
وَإِنْ جَنَحُوا لِلسَّلْمِ فَاجْنَحْ لَهَا وَتَوَكَّلْ عَلَى اللَّهِ ۚ إِنَّهُ هُوَ السَّمِيعُ الْعَلِيمُ
Ей, Мұхаммед! Егер олар бейбіт келісімге бейімділік танытса, сен де бұрыл әрі Аллаһқа жүгініп, Оған ісіңді тапсыр тәуекел ет . Ақиқатында, Ол бәрін Естуші, бәрін Білуші
وَإِنْ يُرِيدُوا أَنْ يَخْدَعُوكَ فَإِنَّ حَسْبَكَ اللَّهُ ۚ هُوَ الَّذِي أَيَّدَكَ بِنَصْرِهِ وَبِالْمُؤْمِنِينَ
Егер олар сені алдамақшы болса, негізінде, саған Аллаһтың Өзі жеткілікті. Ол сені Өз жәрдемі және имандылар мүміндер арқылы қолдады
وَأَلَّفَ بَيْنَ قُلُوبِهِمْ ۚ لَوْ أَنْفَقْتَ مَا فِي الْأَرْضِ جَمِيعًا مَا أَلَّفْتَ بَيْنَ قُلُوبِهِمْ وَلَٰكِنَّ اللَّهَ أَلَّفَ بَيْنَهُمْ ۚ إِنَّهُ عَزِيزٌ حَكِيمٌ
әрі олардың жүректерін біріктірді. Егер сен жердегі барлық нәрселерді жұмсасаң да олардың жүректерін қоса алмас едің. Алайда, Аллаһ олардың араларын біріктірді. Ақиқатында, Ол барлығынан Үстем , аса Дана
يَا أَيُّهَا النَّبِيُّ حَسْبُكَ اللَّهُ وَمَنِ اتَّبَعَكَ مِنَ الْمُؤْمِنِينَ
Ей, Пайғамбар! Саған және өзіңе ерген имандыларға мүміндерге Аллаһ жетіп асады

Choose other languages: