Quran Apps in many lanuages:

Surah Al-Anfal Ayahs #55 Translated in Kazakh

ذَٰلِكَ بِمَا قَدَّمَتْ أَيْدِيكُمْ وَأَنَّ اللَّهَ لَيْسَ بِظَلَّامٍ لِلْعَبِيدِ
Бұл азап сендердің өз қолдарыңмен істегендеріңнің салдары, Аллаһ құлдарына әділетсіздік етуші емес
كَدَأْبِ آلِ فِرْعَوْنَ ۙ وَالَّذِينَ مِنْ قَبْلِهِمْ ۚ كَفَرُوا بِآيَاتِ اللَّهِ فَأَخَذَهُمُ اللَّهُ بِذُنُوبِهِمْ ۗ إِنَّ اللَّهَ قَوِيٌّ شَدِيدُ الْعِقَابِ
олардың істері Фиръаун әулеті мен олардан бұрынғы өткендердің істегендері секілді. Олар Аллаһтың белгілеріне күпірлік етті сенбеді, теріске шығарды . Сонда Аллаһ оларды күнәлары себепті ұстады. Аллаһ өте Күшті, жаза беруде қатты
ذَٰلِكَ بِأَنَّ اللَّهَ لَمْ يَكُ مُغَيِّرًا نِعْمَةً أَنْعَمَهَا عَلَىٰ قَوْمٍ حَتَّىٰ يُغَيِّرُوا مَا بِأَنْفُسِهِمْ ۙ وَأَنَّ اللَّهَ سَمِيعٌ عَلِيمٌ
Бұның себебі, Аллаһ адамдарға берген игілігін, ол адамдар өздеріңдегіні өзгертпейінше, өзгертуші еместігі және Аллаһ барлық нәрсені Естуші, әрбірнәрсені Білуші ’Алим болғандығынан
كَدَأْبِ آلِ فِرْعَوْنَ ۙ وَالَّذِينَ مِنْ قَبْلِهِمْ ۚ كَذَّبُوا بِآيَاتِ رَبِّهِمْ فَأَهْلَكْنَاهُمْ بِذُنُوبِهِمْ وَأَغْرَقْنَا آلَ فِرْعَوْنَ ۚ وَكُلٌّ كَانُوا ظَالِمِينَ
Фиръаун әулеті мен олардан бұрынғы өткендердің де істері осы секілді болды. Олар өздерінің Раббысының аяттарын өтірікке шығарған еді. Біз оларды күнәлары себебінен құртып, Фиръаун тобын суға батырдық. Олардың барлығы да әділетсіздер еді
إِنَّ شَرَّ الدَّوَابِّ عِنْدَ اللَّهِ الَّذِينَ كَفَرُوا فَهُمْ لَا يُؤْمِنُونَ
Негізінде, Аллаһтың алдында, қозғалатын жаны барлардың ең жаманы күпірлік етушілер аманатқа қиянат етуші имансыздар , Олар иманға келмейді

Choose other languages: