Quran Apps in many lanuages:

Surah Al-Anfal Ayahs #53 Translated in Kazakh

إِذْ يَقُولُ الْمُنَافِقُونَ وَالَّذِينَ فِي قُلُوبِهِمْ مَرَضٌ غَرَّ هَٰؤُلَاءِ دِينُهُمْ ۗ وَمَنْ يَتَوَكَّلْ عَلَى اللَّهِ فَإِنَّ اللَّهَ عَزِيزٌ حَكِيمٌ
Сол уақытта мұнафиқтар және жүректерінде дерті барлар иманы әлсіздер : «Оларды діндері алдап қойды», деді. Негізінде, кім Аллаһқа жүгініп, Оған өзін тапсырса тәуекел етсе , ақиқатында, Аллаһ бәрінен Үстем, аса Дана
وَلَوْ تَرَىٰ إِذْ يَتَوَفَّى الَّذِينَ كَفَرُوا ۙ الْمَلَائِكَةُ يَضْرِبُونَ وُجُوهَهُمْ وَأَدْبَارَهُمْ وَذُوقُوا عَذَابَ الْحَرِيقِ
Періштелер күпірлік еткендерді Аллаһқа қарсы келгендерді беттері мен арт жақтарынан ұрып: «Күйдіріп, жандырушы оттың азабын татыңдар!» деп, жандарын алып жатқан кезде көрсең еді
ذَٰلِكَ بِمَا قَدَّمَتْ أَيْدِيكُمْ وَأَنَّ اللَّهَ لَيْسَ بِظَلَّامٍ لِلْعَبِيدِ
Бұл азап сендердің өз қолдарыңмен істегендеріңнің салдары, Аллаһ құлдарына әділетсіздік етуші емес
كَدَأْبِ آلِ فِرْعَوْنَ ۙ وَالَّذِينَ مِنْ قَبْلِهِمْ ۚ كَفَرُوا بِآيَاتِ اللَّهِ فَأَخَذَهُمُ اللَّهُ بِذُنُوبِهِمْ ۗ إِنَّ اللَّهَ قَوِيٌّ شَدِيدُ الْعِقَابِ
олардың істері Фиръаун әулеті мен олардан бұрынғы өткендердің істегендері секілді. Олар Аллаһтың белгілеріне күпірлік етті сенбеді, теріске шығарды . Сонда Аллаһ оларды күнәлары себепті ұстады. Аллаһ өте Күшті, жаза беруде қатты
ذَٰلِكَ بِأَنَّ اللَّهَ لَمْ يَكُ مُغَيِّرًا نِعْمَةً أَنْعَمَهَا عَلَىٰ قَوْمٍ حَتَّىٰ يُغَيِّرُوا مَا بِأَنْفُسِهِمْ ۙ وَأَنَّ اللَّهَ سَمِيعٌ عَلِيمٌ
Бұның себебі, Аллаһ адамдарға берген игілігін, ол адамдар өздеріңдегіні өзгертпейінше, өзгертуші еместігі және Аллаһ барлық нәрсені Естуші, әрбірнәрсені Білуші ’Алим болғандығынан

Choose other languages: