Quran Apps in many lanuages:

Surah Al-Anfal Ayahs #20 Translated in Kazakh

وَمَنْ يُوَلِّهِمْ يَوْمَئِذٍ دُبُرَهُ إِلَّا مُتَحَرِّفًا لِقِتَالٍ أَوْ مُتَحَيِّزًا إِلَىٰ فِئَةٍ فَقَدْ بَاءَ بِغَضَبٍ مِنَ اللَّهِ وَمَأْوَاهُ جَهَنَّمُ ۖ وَبِئْسَ الْمَصِيرُ
Кім сол күні соғыс барысын өзгерту немесе өзге топқа қосылудан басқа түрде қашса, сол Аллаһтың ашуына ұшырап қайтады. Оның орны Жаһаннам (Тозақ). Ол баратын орын қандай жаман
فَلَمْ تَقْتُلُوهُمْ وَلَٰكِنَّ اللَّهَ قَتَلَهُمْ ۚ وَمَا رَمَيْتَ إِذْ رَمَيْتَ وَلَٰكِنَّ اللَّهَ رَمَىٰ ۚ وَلِيُبْلِيَ الْمُؤْمِنِينَ مِنْهُ بَلَاءً حَسَنًا ۚ إِنَّ اللَّهَ سَمِيعٌ عَلِيمٌ
Оларды сендер өлтірмедіңдер, алайда оларды Аллаһ өлтірді. Сондай-ақ, ей,Мұхаммед, топырақты! лақтырған кезінде, сен лақтырған жоқсың, оны имандыларды Өз жағынан жақсы бір сынақпен сынау үшін Аллаһ лақтырды. Аллаһ бәрін Естуші, бәрін Білуші
ذَٰلِكُمْ وَأَنَّ اللَّهَ مُوهِنُ كَيْدِ الْكَافِرِينَ
Міне, бұл сендерге. Ақиқатында, Аллаһ кәпірлердің айла-шарғысын осалдатушы
إِنْ تَسْتَفْتِحُوا فَقَدْ جَاءَكُمُ الْفَتْحُ ۖ وَإِنْ تَنْتَهُوا فَهُوَ خَيْرٌ لَكُمْ ۖ وَإِنْ تَعُودُوا نَعُدْ وَلَنْ تُغْنِيَ عَنْكُمْ فِئَتُكُمْ شَيْئًا وَلَوْ كَثُرَتْ وَأَنَّ اللَّهَ مَعَ الْمُؤْمِنِينَ
Ей, мүшріктер, егер сендер жеңіс шешім шығарылуын сұраған болсаңдар, міне сендерге жеңіс шешім шығарылды . Егер тыйылсаңдар, бұл өздерің үшін қайырлы. Ал, егер қайталасаңдар, Біз де қайталаймыз. Топтарың қанша көп болса да, сендерге ешқандай пайда бермейді. Анығында, Аллаһ имандылармен бірге
يَا أَيُّهَا الَّذِينَ آمَنُوا أَطِيعُوا اللَّهَ وَرَسُولَهُ وَلَا تَوَلَّوْا عَنْهُ وَأَنْتُمْ تَسْمَعُونَ
Ей, иманға келгендер! Аллаһқа және Оның Елшісіне бойсұныңдар. Әрі естіп тұрып одан теріс бұрылмаңдар

Choose other languages: