Quran Apps in many lanuages:

Surah Al-Anbiya Ayahs #8 Translated in Kazakh

قَالَ رَبِّي يَعْلَمُ الْقَوْلَ فِي السَّمَاءِ وَالْأَرْضِ ۖ وَهُوَ السَّمِيعُ الْعَلِيمُ
Ол Мұхаммед : «Раббым аспандағы және жердегі айтылған сөзді біледі. Ол әс-Самиъ бәрін Естуші , әл-’Алим бәрін Білуші », деді
بَلْ قَالُوا أَضْغَاثُ أَحْلَامٍ بَلِ افْتَرَاهُ بَلْ هُوَ شَاعِرٌ فَلْيَأْتِنَا بِآيَةٍ كَمَا أُرْسِلَ الْأَوَّلُونَ
Олар: «Олай емес, бұл бір шым-шытырық түстер. Жоқ, ол оны ойдан шығарған. Жоқ, ол ақын. Ол бізге бұрынғыларға түсірілгендей бір белгі мұғжиза келтірсін», деді
مَا آمَنَتْ قَبْلَهُمْ مِنْ قَرْيَةٍ أَهْلَكْنَاهَا ۖ أَفَهُمْ يُؤْمِنُونَ
Оларға дейін Біз жойып жіберген елді мекендердің ешбірі иманға келмеген еді. Енді бұлар мұғжизаны көргенде иманға келе ме
وَمَا أَرْسَلْنَا قَبْلَكَ إِلَّا رِجَالًا نُوحِي إِلَيْهِمْ ۖ فَاسْأَلُوا أَهْلَ الذِّكْرِ إِنْ كُنْتُمْ لَا تَعْلَمُونَ
Ей, Мұхаммед! Біз сенен бұрын да оларға уахи етіп, тек ер адамдарды жібердік. Егер өздерің білмесеңдер, Еске салу Кітап берілген қауымнан сұрандар
وَمَا جَعَلْنَاهُمْ جَسَدًا لَا يَأْكُلُونَ الطَّعَامَ وَمَا كَانُوا خَالِدِينَ
Әрі біз оларды пайғамбарларды тамақ ішпейтін бір дене етіп жаратқан жоқпыз және олар мәңгі қалушы да емес

Choose other languages: