Quran Apps in many lanuages:

Surah Al-Anbiya Ayahs #10 Translated in Kazakh

مَا آمَنَتْ قَبْلَهُمْ مِنْ قَرْيَةٍ أَهْلَكْنَاهَا ۖ أَفَهُمْ يُؤْمِنُونَ
Оларға дейін Біз жойып жіберген елді мекендердің ешбірі иманға келмеген еді. Енді бұлар мұғжизаны көргенде иманға келе ме
وَمَا أَرْسَلْنَا قَبْلَكَ إِلَّا رِجَالًا نُوحِي إِلَيْهِمْ ۖ فَاسْأَلُوا أَهْلَ الذِّكْرِ إِنْ كُنْتُمْ لَا تَعْلَمُونَ
Ей, Мұхаммед! Біз сенен бұрын да оларға уахи етіп, тек ер адамдарды жібердік. Егер өздерің білмесеңдер, Еске салу Кітап берілген қауымнан сұрандар
وَمَا جَعَلْنَاهُمْ جَسَدًا لَا يَأْكُلُونَ الطَّعَامَ وَمَا كَانُوا خَالِدِينَ
Әрі біз оларды пайғамбарларды тамақ ішпейтін бір дене етіп жаратқан жоқпыз және олар мәңгі қалушы да емес
ثُمَّ صَدَقْنَاهُمُ الْوَعْدَ فَأَنْجَيْنَاهُمْ وَمَنْ نَشَاءُ وَأَهْلَكْنَا الْمُسْرِفِينَ
Кейін оларға берген уәдені шындыққа шығарып, оларды пайғамбарларды және қалағандарымызды құтқардық. Ал шектен шыққандарды жойып жібердік
لَقَدْ أَنْزَلْنَا إِلَيْكُمْ كِتَابًا فِيهِ ذِكْرُكُمْ ۖ أَفَلَا تَعْقِلُونَ
Біз сендерге Кітап түсірдік. Онда сен­дерге еске салу бар. Ақылдарыңды істетіп, ұғынбайсыңдар ма

Choose other languages: