Quran Apps in many lanuages:

Surah Al-Anbiya Ayahs #7 Translated in Kazakh

لَاهِيَةً قُلُوبُهُمْ ۗ وَأَسَرُّوا النَّجْوَى الَّذِينَ ظَلَمُوا هَلْ هَٰذَا إِلَّا بَشَرٌ مِثْلُكُمْ ۖ أَفَتَأْتُونَ السِّحْرَ وَأَنْتُمْ تُبْصِرُونَ
жүректері бос, бейқам күйде. Әділетсіздер өзара құпия сөйлесіп: «Бұл, бар болғаны өздерің сияқты адам емес пе? Көріп тұрып, сиқырға ересіңдер ме?» дейді
قَالَ رَبِّي يَعْلَمُ الْقَوْلَ فِي السَّمَاءِ وَالْأَرْضِ ۖ وَهُوَ السَّمِيعُ الْعَلِيمُ
Ол Мұхаммед : «Раббым аспандағы және жердегі айтылған сөзді біледі. Ол әс-Самиъ бәрін Естуші , әл-’Алим бәрін Білуші », деді
بَلْ قَالُوا أَضْغَاثُ أَحْلَامٍ بَلِ افْتَرَاهُ بَلْ هُوَ شَاعِرٌ فَلْيَأْتِنَا بِآيَةٍ كَمَا أُرْسِلَ الْأَوَّلُونَ
Олар: «Олай емес, бұл бір шым-шытырық түстер. Жоқ, ол оны ойдан шығарған. Жоқ, ол ақын. Ол бізге бұрынғыларға түсірілгендей бір белгі мұғжиза келтірсін», деді
مَا آمَنَتْ قَبْلَهُمْ مِنْ قَرْيَةٍ أَهْلَكْنَاهَا ۖ أَفَهُمْ يُؤْمِنُونَ
Оларға дейін Біз жойып жіберген елді мекендердің ешбірі иманға келмеген еді. Енді бұлар мұғжизаны көргенде иманға келе ме
وَمَا أَرْسَلْنَا قَبْلَكَ إِلَّا رِجَالًا نُوحِي إِلَيْهِمْ ۖ فَاسْأَلُوا أَهْلَ الذِّكْرِ إِنْ كُنْتُمْ لَا تَعْلَمُونَ
Ей, Мұхаммед! Біз сенен бұрын да оларға уахи етіп, тек ер адамдарды жібердік. Егер өздерің білмесеңдер, Еске салу Кітап берілген қауымнан сұрандар

Choose other languages: