Quran Apps in many lanuages:

Surah Al-Anaam Ayahs #141 Translated in Kazakh

وَكَذَٰلِكَ زَيَّنَ لِكَثِيرٍ مِنَ الْمُشْرِكِينَ قَتْلَ أَوْلَادِهِمْ شُرَكَاؤُهُمْ لِيُرْدُوهُمْ وَلِيَلْبِسُوا عَلَيْهِمْ دِينَهُمْ ۖ وَلَوْ شَاءَ اللَّهُ مَا فَعَلُوهُ ۖ فَذَرْهُمْ وَمَا يَفْتَرُونَ
Әрі осылайша мүшріктердің Аллаһқа серік қосушылардың көбіне олардың серіктері шайтандары оларды құрту үшін, әрі діндерін шатастыру үшін, балаларын өлтіруді әдемі етіп көрсетті. Егер Аллаһ қалағанда, олар мұны істемес еді. Ей, Мұхаммед! Енді оларды да, олардың ойдан құрастырғандарын да жайына қалдыр
وَقَالُوا هَٰذِهِ أَنْعَامٌ وَحَرْثٌ حِجْرٌ لَا يَطْعَمُهَا إِلَّا مَنْ نَشَاءُ بِزَعْمِهِمْ وَأَنْعَامٌ حُرِّمَتْ ظُهُورُهَا وَأَنْعَامٌ لَا يَذْكُرُونَ اسْمَ اللَّهِ عَلَيْهَا افْتِرَاءً عَلَيْهِ ۚ سَيَجْزِيهِمْ بِمَا كَانُوا يَفْتَرُونَ
Олар өздерінің негізсіз пайымдаулары бойынша: «Мына малдар мен мына егінді біз қалағаннан басқаның жеуіне тыйым салынған», дейді. Сондай-ақ, олар кейбір малдарды мінуге тыйым салды. Олар кейбір малдарға Оның есімін атамайды. Бұл Оған қатысты өтірік, жала. Ойдан құрастырған өтіріктері үшін, Ол жақында оларды жазалайды
وَقَالُوا مَا فِي بُطُونِ هَٰذِهِ الْأَنْعَامِ خَالِصَةٌ لِذُكُورِنَا وَمُحَرَّمٌ عَلَىٰ أَزْوَاجِنَا ۖ وَإِنْ يَكُنْ مَيْتَةً فَهُمْ فِيهِ شُرَكَاءُ ۚ سَيَجْزِيهِمْ وَصْفَهُمْ ۚ إِنَّهُ حَكِيمٌ عَلِيمٌ
Олар: «Бұл малдардың құрсағыңдағылар біздің еркектеріміз үшін арналып, жұбайларымызға тыйым салынған. Ал, егер ол өлі болып туылса , онда оған олардың бәрі ортақ болады», деді. Осылай сипаттағандары үшін Ол Аллаһ оларға жақында жазасын береді. Ақиқатында, Ол аса Дана , бәрін Білуші
قَدْ خَسِرَ الَّذِينَ قَتَلُوا أَوْلَادَهُمْ سَفَهًا بِغَيْرِ عِلْمٍ وَحَرَّمُوا مَا رَزَقَهُمُ اللَّهُ افْتِرَاءً عَلَى اللَّهِ ۚ قَدْ ضَلُّوا وَمَا كَانُوا مُهْتَدِينَ
Өз балаларын жетесіздіктен, имани білімсіздіктен өлтіргендер және Аллаһқа қатысты өтірікті құрастырып жала жауып , Оның ризық етіп берген нәрселеріне тыйым салғандар күмәнсіз зиянға ұшырады. Олар адасты да тура жолмен жүрушілерден болмады
وَهُوَ الَّذِي أَنْشَأَ جَنَّاتٍ مَعْرُوشَاتٍ وَغَيْرَ مَعْرُوشَاتٍ وَالنَّخْلَ وَالزَّرْعَ مُخْتَلِفًا أُكُلُهُ وَالزَّيْتُونَ وَالرُّمَّانَ مُتَشَابِهًا وَغَيْرَ مُتَشَابِهٍ ۚ كُلُوا مِنْ ثَمَرِهِ إِذَا أَثْمَرَ وَآتُوا حَقَّهُ يَوْمَ حَصَادِهِ ۖ وَلَا تُسْرِفُوا ۚ إِنَّهُ لَا يُحِبُّ الْمُسْرِفِينَ
Әрі Ол Аллаһ аспалы және өзге бақтарды құрмалар, өнімдері әртүрлі егіндер, зәйтүн мен анарды, бір-біріне ұқсайтын және ұқсамайтын етіп пайда қылды. Олар жеміс бергенде оның жемісінен жеңдер және жинап алған күні оның хақысын құшырын беріңдер. Әрі ысырап қылмаңдар. Ақиқатында, Ол ысырап қылушыларды жақсы көрмейді

Choose other languages: