Quran Apps in many lanuages:

Surah Al-Anaam Ayahs #144 Translated in Kazakh

قَدْ خَسِرَ الَّذِينَ قَتَلُوا أَوْلَادَهُمْ سَفَهًا بِغَيْرِ عِلْمٍ وَحَرَّمُوا مَا رَزَقَهُمُ اللَّهُ افْتِرَاءً عَلَى اللَّهِ ۚ قَدْ ضَلُّوا وَمَا كَانُوا مُهْتَدِينَ
Өз балаларын жетесіздіктен, имани білімсіздіктен өлтіргендер және Аллаһқа қатысты өтірікті құрастырып жала жауып , Оның ризық етіп берген нәрселеріне тыйым салғандар күмәнсіз зиянға ұшырады. Олар адасты да тура жолмен жүрушілерден болмады
وَهُوَ الَّذِي أَنْشَأَ جَنَّاتٍ مَعْرُوشَاتٍ وَغَيْرَ مَعْرُوشَاتٍ وَالنَّخْلَ وَالزَّرْعَ مُخْتَلِفًا أُكُلُهُ وَالزَّيْتُونَ وَالرُّمَّانَ مُتَشَابِهًا وَغَيْرَ مُتَشَابِهٍ ۚ كُلُوا مِنْ ثَمَرِهِ إِذَا أَثْمَرَ وَآتُوا حَقَّهُ يَوْمَ حَصَادِهِ ۖ وَلَا تُسْرِفُوا ۚ إِنَّهُ لَا يُحِبُّ الْمُسْرِفِينَ
Әрі Ол Аллаһ аспалы және өзге бақтарды құрмалар, өнімдері әртүрлі егіндер, зәйтүн мен анарды, бір-біріне ұқсайтын және ұқсамайтын етіп пайда қылды. Олар жеміс бергенде оның жемісінен жеңдер және жинап алған күні оның хақысын құшырын беріңдер. Әрі ысырап қылмаңдар. Ақиқатында, Ол ысырап қылушыларды жақсы көрмейді
وَمِنَ الْأَنْعَامِ حَمُولَةً وَفَرْشًا ۚ كُلُوا مِمَّا رَزَقَكُمُ اللَّهُ وَلَا تَتَّبِعُوا خُطُوَاتِ الشَّيْطَانِ ۚ إِنَّهُ لَكُمْ عَدُوٌّ مُبِينٌ
Сондай-ақ, малдардан жүк таситын және ұсақ малдарды да пайда қылды . Аллаһ сендерге ризық етіп бергеннен жеңдер және шайтанның іздеріне ермеңдер. Шын мәнінде, ол сендерге анық дұшпан
ثَمَانِيَةَ أَزْوَاجٍ ۖ مِنَ الضَّأْنِ اثْنَيْنِ وَمِنَ الْمَعْزِ اثْنَيْنِ ۗ قُلْ آلذَّكَرَيْنِ حَرَّمَ أَمِ الْأُنْثَيَيْنِ أَمَّا اشْتَمَلَتْ عَلَيْهِ أَرْحَامُ الْأُنْثَيَيْنِ ۖ نَبِّئُونِي بِعِلْمٍ إِنْ كُنْتُمْ صَادِقِينَ
Ол малдар жұбымен сегіз. Қойдан еркек-ұрғашысымен екеу және ешкіден де екеу. Ей, Мұхаммед! Айт ((Екі еркегін тыйым салды ма, әлде екі ұрғашысын ба? Немесе екі ұрғашының жатырыңдағыны ма? Егер шын сөзді болсаңдар, маған біліммен хабарын беріңдер»)
وَمِنَ الْإِبِلِ اثْنَيْنِ وَمِنَ الْبَقَرِ اثْنَيْنِ ۗ قُلْ آلذَّكَرَيْنِ حَرَّمَ أَمِ الْأُنْثَيَيْنِ أَمَّا اشْتَمَلَتْ عَلَيْهِ أَرْحَامُ الْأُنْثَيَيْنِ ۖ أَمْ كُنْتُمْ شُهَدَاءَ إِذْ وَصَّاكُمُ اللَّهُ بِهَٰذَا ۚ فَمَنْ أَظْلَمُ مِمَّنِ افْتَرَىٰ عَلَى اللَّهِ كَذِبًا لِيُضِلَّ النَّاسَ بِغَيْرِ عِلْمٍ ۗ إِنَّ اللَّهَ لَا يَهْدِي الْقَوْمَ الظَّالِمِينَ
Сондай-ақ, түйеден екеу және сиырдан екеу. Айт: «Екі еркегін тыйым салды ма, әлде екі ұрғашсын ба? Немесе екі ұрғашының жатырыңдағыны ма? әлде Аллаһ сендерге осыны бұйырып, сонда сендер куә болдыңдар ма?» деп. Адамдарды білімсіз адастыру үшін, Аллаһ туралы ойдан өтірік шығарғаннан өткен әділетсіз кім бар?! Ақиқатында, Аллаһ әділетсіз адамдарды тура жолмен жүргізбейді

Choose other languages: