Quran Apps in many lanuages:

Surah Al-Ahzab Ayahs #57 Translated in Kazakh

يَا أَيُّهَا الَّذِينَ آمَنُوا لَا تَدْخُلُوا بُيُوتَ النَّبِيِّ إِلَّا أَنْ يُؤْذَنَ لَكُمْ إِلَىٰ طَعَامٍ غَيْرَ نَاظِرِينَ إِنَاهُ وَلَٰكِنْ إِذَا دُعِيتُمْ فَادْخُلُوا فَإِذَا طَعِمْتُمْ فَانْتَشِرُوا وَلَا مُسْتَأْنِسِينَ لِحَدِيثٍ ۚ إِنَّ ذَٰلِكُمْ كَانَ يُؤْذِي النَّبِيَّ فَيَسْتَحْيِي مِنْكُمْ ۖ وَاللَّهُ لَا يَسْتَحْيِي مِنَ الْحَقِّ ۚ وَإِذَا سَأَلْتُمُوهُنَّ مَتَاعًا فَاسْأَلُوهُنَّ مِنْ وَرَاءِ حِجَابٍ ۚ ذَٰلِكُمْ أَطْهَرُ لِقُلُوبِكُمْ وَقُلُوبِهِنَّ ۚ وَمَا كَانَ لَكُمْ أَنْ تُؤْذُوا رَسُولَ اللَّهِ وَلَا أَنْ تَنْكِحُوا أَزْوَاجَهُ مِنْ بَعْدِهِ أَبَدًا ۚ إِنَّ ذَٰلِكُمْ كَانَ عِنْدَ اللَّهِ عَظِيمًا
Ей, иманға келгендер! Пайғамбардың үйлеріне кірмеңдер, тек өздеріңе тамақ жеуге рұқсат етілгенде болмаса, бірақ тамақтың дайын болуын күтіп, алдын ала кірмеңдер. Ал егер шақырылсаңдар, кіріңдер де тамақ жеп болсаңдар, әңгімені созбай дереу тарқаңдар. Бұларың Пайғамбарға жайсыздық тудырады, алайда ол сендерден ұялады. Ал, Аллаһ шындықтан оны түсіндіруден ұялмайды. Егер олардан әйелдерінен бір нәрсе сұрасаңдар, онда перденің арғы жағында тұрып сұраңдар. Осы сендердің жүректерің үшін әрі олардың жүректері үшін де ең тазасы. Сендерге Аллаһтың Елшісін ренжітулеріңе және одан кейін оның әйелдеріне ешқашан үйленулеріңе болмайды. Ақиқатында, бұлай етулерің Аллаһтың алдында өте үлкен күнә
إِنْ تُبْدُوا شَيْئًا أَوْ تُخْفُوهُ فَإِنَّ اللَّهَ كَانَ بِكُلِّ شَيْءٍ عَلِيمًا
Егер бір нәрсені әшкере етсеңдер де немесе оны жасырсаңдар да, әлбетте Аллаһ барлық нәрсені Білуші
لَا جُنَاحَ عَلَيْهِنَّ فِي آبَائِهِنَّ وَلَا أَبْنَائِهِنَّ وَلَا إِخْوَانِهِنَّ وَلَا أَبْنَاءِ إِخْوَانِهِنَّ وَلَا أَبْنَاءِ أَخَوَاتِهِنَّ وَلَا نِسَائِهِنَّ وَلَا مَا مَلَكَتْ أَيْمَانُهُنَّ ۗ وَاتَّقِينَ اللَّهَ ۚ إِنَّ اللَّهَ كَانَ عَلَىٰ كُلِّ شَيْءٍ شَهِيدًا
Оларға пайғамбардың әйелдеріне әкелерінің, ұлдарының, аға-інілерінің, аға-інілерінің ұлдарының, әпке-сіңлілерінің балаларының, мұсылман әйелдері және қол астарындағы күндерінің алдында жамылғысыз жүрулерінде күнә жоқ. Тақуалық етіңдер Аллаһқа бойсұнып, жазасынан қорқып, сақтаныңдар! Ақиқатында, Аллаһ әрбір нәрсеге куә
إِنَّ اللَّهَ وَمَلَائِكَتَهُ يُصَلُّونَ عَلَى النَّبِيِّ ۚ يَا أَيُّهَا الَّذِينَ آمَنُوا صَلُّوا عَلَيْهِ وَسَلِّمُوا تَسْلِيمًا
Аллаһ Пайғамбарды мейіріміне бөлейді және Оның періштелері де оған жақсылықтар тілейді. Ей, иманға келгендер! Сендер де оған салауат айтыңдар және амандық тілеп сәлем беріңдер
إِنَّ الَّذِينَ يُؤْذُونَ اللَّهَ وَرَسُولَهُ لَعَنَهُمُ اللَّهُ فِي الدُّنْيَا وَالْآخِرَةِ وَأَعَدَّ لَهُمْ عَذَابًا مُهِينًا
Анығында, Аллаһты және Оның Елшісін ренжіткендерді, Аллаһ бұл дүниеде және соңғы, мәңгілік өмірде ақиретте қарғысқа ұшыратты әрі оларға қорлаушы азап әзірледі

Choose other languages: