Quran Apps in many lanuages:

Surah Al-Ahzab Ayahs #59 Translated in Kazakh

لَا جُنَاحَ عَلَيْهِنَّ فِي آبَائِهِنَّ وَلَا أَبْنَائِهِنَّ وَلَا إِخْوَانِهِنَّ وَلَا أَبْنَاءِ إِخْوَانِهِنَّ وَلَا أَبْنَاءِ أَخَوَاتِهِنَّ وَلَا نِسَائِهِنَّ وَلَا مَا مَلَكَتْ أَيْمَانُهُنَّ ۗ وَاتَّقِينَ اللَّهَ ۚ إِنَّ اللَّهَ كَانَ عَلَىٰ كُلِّ شَيْءٍ شَهِيدًا
Оларға пайғамбардың әйелдеріне әкелерінің, ұлдарының, аға-інілерінің, аға-інілерінің ұлдарының, әпке-сіңлілерінің балаларының, мұсылман әйелдері және қол астарындағы күндерінің алдында жамылғысыз жүрулерінде күнә жоқ. Тақуалық етіңдер Аллаһқа бойсұнып, жазасынан қорқып, сақтаныңдар! Ақиқатында, Аллаһ әрбір нәрсеге куә
إِنَّ اللَّهَ وَمَلَائِكَتَهُ يُصَلُّونَ عَلَى النَّبِيِّ ۚ يَا أَيُّهَا الَّذِينَ آمَنُوا صَلُّوا عَلَيْهِ وَسَلِّمُوا تَسْلِيمًا
Аллаһ Пайғамбарды мейіріміне бөлейді және Оның періштелері де оған жақсылықтар тілейді. Ей, иманға келгендер! Сендер де оған салауат айтыңдар және амандық тілеп сәлем беріңдер
إِنَّ الَّذِينَ يُؤْذُونَ اللَّهَ وَرَسُولَهُ لَعَنَهُمُ اللَّهُ فِي الدُّنْيَا وَالْآخِرَةِ وَأَعَدَّ لَهُمْ عَذَابًا مُهِينًا
Анығында, Аллаһты және Оның Елшісін ренжіткендерді, Аллаһ бұл дүниеде және соңғы, мәңгілік өмірде ақиретте қарғысқа ұшыратты әрі оларға қорлаушы азап әзірледі
وَالَّذِينَ يُؤْذُونَ الْمُؤْمِنِينَ وَالْمُؤْمِنَاتِ بِغَيْرِ مَا اكْتَسَبُوا فَقَدِ احْتَمَلُوا بُهْتَانًا وَإِثْمًا مُبِينًا
Ал, иманды ерлерді және иманды әйелдерді жазықсыз түрде ренжіткендер жала мен анық күнәні арқалайды
يَا أَيُّهَا النَّبِيُّ قُلْ لِأَزْوَاجِكَ وَبَنَاتِكَ وَنِسَاءِ الْمُؤْمِنِينَ يُدْنِينَ عَلَيْهِنَّ مِنْ جَلَابِيبِهِنَّ ۚ ذَٰلِكَ أَدْنَىٰ أَنْ يُعْرَفْنَ فَلَا يُؤْذَيْنَ ۗ وَكَانَ اللَّهُ غَفُورًا رَحِيمًا
Ей, Пайғамбар! Жұбайларыңа, қыздарыңа және имандылардың әйелдеріне айт: жаулықтарын үстеріне түсіріп жапсын. Бұл олардың танылуына жақын. Сөйтіп олар қорлыққа ұшырамайды. Әрі Аллаһ өте Кешірімді, ерекше Мейірімді

Choose other languages: