Quran Apps in many lanuages:

Surah Al-Ahzab Ayahs #61 Translated in Kazakh

إِنَّ الَّذِينَ يُؤْذُونَ اللَّهَ وَرَسُولَهُ لَعَنَهُمُ اللَّهُ فِي الدُّنْيَا وَالْآخِرَةِ وَأَعَدَّ لَهُمْ عَذَابًا مُهِينًا
Анығында, Аллаһты және Оның Елшісін ренжіткендерді, Аллаһ бұл дүниеде және соңғы, мәңгілік өмірде ақиретте қарғысқа ұшыратты әрі оларға қорлаушы азап әзірледі
وَالَّذِينَ يُؤْذُونَ الْمُؤْمِنِينَ وَالْمُؤْمِنَاتِ بِغَيْرِ مَا اكْتَسَبُوا فَقَدِ احْتَمَلُوا بُهْتَانًا وَإِثْمًا مُبِينًا
Ал, иманды ерлерді және иманды әйелдерді жазықсыз түрде ренжіткендер жала мен анық күнәні арқалайды
يَا أَيُّهَا النَّبِيُّ قُلْ لِأَزْوَاجِكَ وَبَنَاتِكَ وَنِسَاءِ الْمُؤْمِنِينَ يُدْنِينَ عَلَيْهِنَّ مِنْ جَلَابِيبِهِنَّ ۚ ذَٰلِكَ أَدْنَىٰ أَنْ يُعْرَفْنَ فَلَا يُؤْذَيْنَ ۗ وَكَانَ اللَّهُ غَفُورًا رَحِيمًا
Ей, Пайғамбар! Жұбайларыңа, қыздарыңа және имандылардың әйелдеріне айт: жаулықтарын үстеріне түсіріп жапсын. Бұл олардың танылуына жақын. Сөйтіп олар қорлыққа ұшырамайды. Әрі Аллаһ өте Кешірімді, ерекше Мейірімді
لَئِنْ لَمْ يَنْتَهِ الْمُنَافِقُونَ وَالَّذِينَ فِي قُلُوبِهِمْ مَرَضٌ وَالْمُرْجِفُونَ فِي الْمَدِينَةِ لَنُغْرِيَنَّكَ بِهِمْ ثُمَّ لَا يُجَاوِرُونَكَ فِيهَا إِلَّا قَلِيلًا
Егер мұнафиқтар әрі жүректерінде ауруы барлар және Мединада өсек тарататын арандатушылар тыйылмаса, сені оларға қарсы шығарамыз. Сонда олар онда Мединада сенімен бірге тек .аз-ақ уақыт тұрады
مَلْعُونِينَ ۖ أَيْنَمَا ثُقِفُوا أُخِذُوا وَقُتِّلُوا تَقْتِيلًا
қарғысқа ұшыраған түрде. Олар сонда қай жерде табылмасын, ұсталып, өлімге кесіліп өлтіріледі

Choose other languages: