Quran Apps in many lanuages:

Surah Aal-E-Imran Ayahs #61 Translated in Kazakh

وَأَمَّا الَّذِينَ آمَنُوا وَعَمِلُوا الصَّالِحَاتِ فَيُوَفِّيهِمْ أُجُورَهُمْ ۗ وَاللَّهُ لَا يُحِبُّ الظَّالِمِينَ
Ал иманға келген және ізгі амал жасағандардың қайтарым сыйын Ол толық береді. Аллаһ әділетсіздерді жақсы көрмейді
ذَٰلِكَ نَتْلُوهُ عَلَيْكَ مِنَ الْآيَاتِ وَالذِّكْرِ الْحَكِيمِ
Ей, Мұхаммед! Саған мұны аяттар- дан және хикметті Еске салудан Құраннан оқимыз
إِنَّ مَثَلَ عِيسَىٰ عِنْدَ اللَّهِ كَمَثَلِ آدَمَ ۖ خَلَقَهُ مِنْ تُرَابٍ ثُمَّ قَالَ لَهُ كُنْ فَيَكُونُ
Шын мәнінде, Аллаһтың алдында Исаның мысалы Адамның мысалына ұқсайды. Ол оны топырақтан жаратып, «Бол» дегенде, ол болды
الْحَقُّ مِنْ رَبِّكَ فَلَا تَكُنْ مِنَ الْمُمْتَرِينَ
Ақиқат Раббыңнан. Сондықтан күмәнданушылардан болма
فَمَنْ حَاجَّكَ فِيهِ مِنْ بَعْدِ مَا جَاءَكَ مِنَ الْعِلْمِ فَقُلْ تَعَالَوْا نَدْعُ أَبْنَاءَنَا وَأَبْنَاءَكُمْ وَنِسَاءَنَا وَنِسَاءَكُمْ وَأَنْفُسَنَا وَأَنْفُسَكُمْ ثُمَّ نَبْتَهِلْ فَنَجْعَلْ لَعْنَتَ اللَّهِ عَلَى الْكَاذِبِينَ
Ал, өзіңе келген білімнен кейін кім сенімен ол Иса жөнінде тартысса: «Келіндер, біз өз балаларымызды әрі сендердің балаларыңды, біздің әйелдерімізді және сендердің де әйелдеріңді, әрі өзімізді және өздеріңді шақырайық та, содан кейін жалбарынып, өтірікшілерге Аллаһтың лағнетін тілейік», деп айт

Choose other languages: