Quran Apps in many lanuages:

Surah Aal-E-Imran Ayahs #54 Translated in Kazakh

وَمُصَدِّقًا لِمَا بَيْنَ يَدَيَّ مِنَ التَّوْرَاةِ وَلِأُحِلَّ لَكُمْ بَعْضَ الَّذِي حُرِّمَ عَلَيْكُمْ ۚ وَجِئْتُكُمْ بِآيَةٍ مِنْ رَبِّكُمْ فَاتَّقُوا اللَّهَ وَأَطِيعُونِ
Әрі мен сендерге алдымдағы Тәураттағыны растаушы ретінде және сендерге тыйым салынған нәрселердің кейбіріне Аллаһтың әмірімен рұқсат беру үшін келдім . Әрі мен сендердің Раббыңнан белгі-дәлелмен келдім. Аллаһтан Оның тыйғандарынан қорқып, сақтаныңдар әрі маған бағыныңдар
إِنَّ اللَّهَ رَبِّي وَرَبُّكُمْ فَاعْبُدُوهُ ۗ هَٰذَا صِرَاطٌ مُسْتَقِيمٌ
Ақиқатында Аллаһ менің Раббым әрі сендердің Раббың, Оған құлшылық қылыңдар! Міне, осы тура жол», деді
فَلَمَّا أَحَسَّ عِيسَىٰ مِنْهُمُ الْكُفْرَ قَالَ مَنْ أَنْصَارِي إِلَى اللَّهِ ۖ قَالَ الْحَوَارِيُّونَ نَحْنُ أَنْصَارُ اللَّهِ آمَنَّا بِاللَّهِ وَاشْهَدْ بِأَنَّا مُسْلِمُونَ
Иса олардан иудейлерден күпірлік қарсылық сезген кезде: «Аллаһқа Оның жолындағы менің жәрдемшілерім кім?» деді. Хауарилер Исаға ерушілер : «Біз Аллаһ дінінің көмекшілеріміз. Аллаһқа сендік! Біздің мұсылман бойсұнушы екендігімізге куә бол
رَبَّنَا آمَنَّا بِمَا أَنْزَلْتَ وَاتَّبَعْنَا الرَّسُولَ فَاكْتُبْنَا مَعَ الشَّاهِدِينَ
Раббымыз! Түсіргеніңе сендік және Елшіге ердік, енді бізді куәлік етушілермен бірге жаз», деді
وَمَكَرُوا وَمَكَرَ اللَّهُ ۖ وَاللَّهُ خَيْرُ الْمَاكِرِينَ
Олар кәпірлер айла-шарғы жасады. Аллаһ та амал-тәсіл жасады. Аллаһ амал-тәсіл жасаушылардың ең қайырлысы

Choose other languages: