Quran Apps in many lanuages:

Surah Yusuf Ayahs #78 Translated in Kazakh

قَالُوا فَمَا جَزَاؤُهُ إِنْ كُنْتُمْ كَاذِبِينَ
Олар: «Егер өтірікші болсаңдар, оның жазасы не болмақ?» деді
قَالُوا جَزَاؤُهُ مَنْ وُجِدَ فِي رَحْلِهِ فَهُوَ جَزَاؤُهُ ۚ كَذَٰلِكَ نَجْزِي الظَّالِمِينَ
Ағалары: «Оның жазасы кімнің жүгінде табылса, соның өзі қайтарым болады. Біз әділетсіздердің қайтарым жазасын осылай береміз», деді
فَبَدَأَ بِأَوْعِيَتِهِمْ قَبْلَ وِعَاءِ أَخِيهِ ثُمَّ اسْتَخْرَجَهَا مِنْ وِعَاءِ أَخِيهِ ۚ كَذَٰلِكَ كِدْنَا لِيُوسُفَ ۖ مَا كَانَ لِيَأْخُذَ أَخَاهُ فِي دِينِ الْمَلِكِ إِلَّا أَنْ يَشَاءَ اللَّهُ ۚ نَرْفَعُ دَرَجَاتٍ مَنْ نَشَاءُ ۗ وَفَوْقَ كُلِّ ذِي عِلْمٍ عَلِيمٌ
Ол інісінің жүгінен алдын, олардың жүгін ақтара бастады. Кейін оны ұрланған затты бауырыныңжүгінен шығарды. Біз осылай Йусуфкеәдіс жасауды білдірдік. Патшаның заңы бойынша, ол бауырын алып қала алмайтын еді, егер Аллаһтың қалағаны болмағанда. Біз қалаған құлымыздың дәрежесін жоғарылатамыз. Әрбір білім иесінің үстінде білуші бар
قَالُوا إِنْ يَسْرِقْ فَقَدْ سَرَقَ أَخٌ لَهُ مِنْ قَبْلُ ۚ فَأَسَرَّهَا يُوسُفُ فِي نَفْسِهِ وَلَمْ يُبْدِهَا لَهُمْ ۚ قَالَ أَنْتُمْ شَرٌّ مَكَانًا ۖ وَاللَّهُ أَعْلَمُ بِمَا تَصِفُونَ
Ағалары: «Егер ол ұрласа, ілгеріде оның бауыры да ұрлық жасаған еді», деді. Сонда Йусуф бұны көңілінде жасырып, оларға жарияламай ішінен : «Сендердің орындарың бұдан да жаман. Аллаһ айтып тұрғандарыңды жақсы Білуші», деді
قَالُوا يَا أَيُّهَا الْعَزِيزُ إِنَّ لَهُ أَبًا شَيْخًا كَبِيرًا فَخُذْ أَحَدَنَا مَكَانَهُ ۖ إِنَّا نَرَاكَ مِنَ الْمُحْسِنِينَ
Олар: «Уа, мырза! Бұның жасы келген қарт әкесі бар. Сондықтан оның орнына біздің біреуімізді ал. Шын мәнінде, біз сені жақсылықты ықыласпен істеушілерден көреміз», деді

Choose other languages: