Quran Apps in many lanuages:

Surah Yusuf Ayahs #76 Translated in Kazakh

قَالُوا نَفْقِدُ صُوَاعَ الْمَلِكِ وَلِمَنْ جَاءَ بِهِ حِمْلُ بَعِيرٍ وَأَنَا بِهِ زَعِيمٌ
Олардың бірі: «Патшаның ыдысын жоғалттық. Оны әкелген кісіге бір түйе жүк сыйлық бар. Ал мен осыған жауаптымын», деді
قَالُوا تَاللَّهِ لَقَدْ عَلِمْتُمْ مَا جِئْنَا لِنُفْسِدَ فِي الْأَرْضِ وَمَا كُنَّا سَارِقِينَ
Ағалары: «Аллаһпен ант етеміз. Біздің бұл жерге бұзықтық тарату үшін келмегенімізді сендер білесіңдер. Біз ұры емеспіз», деді
قَالُوا فَمَا جَزَاؤُهُ إِنْ كُنْتُمْ كَاذِبِينَ
Олар: «Егер өтірікші болсаңдар, оның жазасы не болмақ?» деді
قَالُوا جَزَاؤُهُ مَنْ وُجِدَ فِي رَحْلِهِ فَهُوَ جَزَاؤُهُ ۚ كَذَٰلِكَ نَجْزِي الظَّالِمِينَ
Ағалары: «Оның жазасы кімнің жүгінде табылса, соның өзі қайтарым болады. Біз әділетсіздердің қайтарым жазасын осылай береміз», деді
فَبَدَأَ بِأَوْعِيَتِهِمْ قَبْلَ وِعَاءِ أَخِيهِ ثُمَّ اسْتَخْرَجَهَا مِنْ وِعَاءِ أَخِيهِ ۚ كَذَٰلِكَ كِدْنَا لِيُوسُفَ ۖ مَا كَانَ لِيَأْخُذَ أَخَاهُ فِي دِينِ الْمَلِكِ إِلَّا أَنْ يَشَاءَ اللَّهُ ۚ نَرْفَعُ دَرَجَاتٍ مَنْ نَشَاءُ ۗ وَفَوْقَ كُلِّ ذِي عِلْمٍ عَلِيمٌ
Ол інісінің жүгінен алдын, олардың жүгін ақтара бастады. Кейін оны ұрланған затты бауырыныңжүгінен шығарды. Біз осылай Йусуфкеәдіс жасауды білдірдік. Патшаның заңы бойынша, ол бауырын алып қала алмайтын еді, егер Аллаһтың қалағаны болмағанда. Біз қалаған құлымыздың дәрежесін жоғарылатамыз. Әрбір білім иесінің үстінде білуші бар

Choose other languages: