Quran Apps in many lanuages:

Surah Yusuf Ayahs #9 Translated in Kazakh

قَالَ يَا بُنَيَّ لَا تَقْصُصْ رُؤْيَاكَ عَلَىٰ إِخْوَتِكَ فَيَكِيدُوا لَكَ كَيْدًا ۖ إِنَّ الشَّيْطَانَ لِلْإِنْسَانِ عَدُوٌّ مُبِينٌ
Ол әкесі : «Әй, балам! Түсіңді бауырларыңа айтпа! Әйтпесе, олар саған бір құлық ойластырар. Анығында, шайтан адам баласына анық жау», деді
وَكَذَٰلِكَ يَجْتَبِيكَ رَبُّكَ وَيُعَلِّمُكَ مِنْ تَأْوِيلِ الْأَحَادِيثِ وَيُتِمُّ نِعْمَتَهُ عَلَيْكَ وَعَلَىٰ آلِ يَعْقُوبَ كَمَا أَتَمَّهَا عَلَىٰ أَبَوَيْكَ مِنْ قَبْلُ إِبْرَاهِيمَ وَإِسْحَاقَ ۚ إِنَّ رَبَّكَ عَلِيمٌ حَكِيمٌ
Міне, осылай Раббың сені таңдап, саған түстердің жоруын үйретеді. Әрі алдыңғы аталарың Ибраһим және Исқаққа игілігін толық етіп бергендей, саған және Йаъқубтың әулетіне де игілігін жеткізіп, толық етіп береді. Ақиқатында, Раббың бәрін Білуші, аса Дана
لَقَدْ كَانَ فِي يُوسُفَ وَإِخْوَتِهِ آيَاتٌ لِلسَّائِلِينَ
Шын мәнінде, Йусуф пен оның бауырларында сұраушылар үшін белгі-ғибраттар бар
إِذْ قَالُوا لَيُوسُفُ وَأَخُوهُ أَحَبُّ إِلَىٰ أَبِينَا مِنَّا وَنَحْنُ عُصْبَةٌ إِنَّ أَبَانَا لَفِي ضَلَالٍ مُبِينٍ
Кезінде олар ағалары : «Біз бір топ болсақ та, Йусуф және оның інісі әкеміз үшін бізден гөрі сүйіктірек. Негізінде, әкеміз анық адасуда», деді
اقْتُلُوا يُوسُفَ أَوِ اطْرَحُوهُ أَرْضًا يَخْلُ لَكُمْ وَجْهُ أَبِيكُمْ وَتَكُونُوا مِنْ بَعْدِهِ قَوْمًا صَالِحِينَ
«Йусуфты өлтіріңдер немесе оны бір жерге апарып тастаңдар. Сонда әкелеріңнің жүзі сендерге бұрылады. Ал, содан кейін түзу адамдардан боласыңдар»

Choose other languages: