Quran Apps in many lanuages:

Surah Yunus Ayahs #89 Translated in Kazakh

فَقَالُوا عَلَى اللَّهِ تَوَكَّلْنَا رَبَّنَا لَا تَجْعَلْنَا فِتْنَةً لِلْقَوْمِ الظَّالِمِينَ
Олар: «Біз Аллаһқа жүгініп, ісімізді Оған тапсырдық тәуекел еттік . Раббымыз, бізді әділетсіз елге фитна сынақ етпе
وَنَجِّنَا بِرَحْمَتِكَ مِنَ الْقَوْمِ الْكَافِرِينَ
Әрі бізді Өз мейіріміңмен кәпір елден құтқара гөр!» деді
وَأَوْحَيْنَا إِلَىٰ مُوسَىٰ وَأَخِيهِ أَنْ تَبَوَّآ لِقَوْمِكُمَا بِمِصْرَ بُيُوتًا وَاجْعَلُوا بُيُوتَكُمْ قِبْلَةً وَأَقِيمُوا الصَّلَاةَ ۗ وَبَشِّرِ الْمُؤْمِنِينَ
Біз Мұсаға және оның бауырына: «Қауымдарың үшін Мысырда үйлер алыңдар және үйлеріңді намаз оқитын орын етіп, намаз оқыңдар. Әрі имандыларды мүміндерді қош хабармен қуандыр», деп уахи еттік
وَقَالَ مُوسَىٰ رَبَّنَا إِنَّكَ آتَيْتَ فِرْعَوْنَ وَمَلَأَهُ زِينَةً وَأَمْوَالًا فِي الْحَيَاةِ الدُّنْيَا رَبَّنَا لِيُضِلُّوا عَنْ سَبِيلِكَ ۖ رَبَّنَا اطْمِسْ عَلَىٰ أَمْوَالِهِمْ وَاشْدُدْ عَلَىٰ قُلُوبِهِمْ فَلَا يُؤْمِنُوا حَتَّىٰ يَرَوُا الْعَذَابَ الْأَلِيمَ
Мұса: «Раббымыз! Ақиқатында, Сен Фиръаунға және оның уәзір, бектеріне бүл өмірде сән-салтанат және байлық бердің. Раббымыз! Олар оны жолыңнан адастырулары үшін пайдаланды Раббымыз, олардың дүниелерін жой және олардың жүректерін қатайт! Олар қинаушы азапты көргендерінше иманға келмесін», деді
قَالَ قَدْ أُجِيبَتْ دَعْوَتُكُمَا فَاسْتَقِيمَا وَلَا تَتَّبِعَانِّ سَبِيلَ الَّذِينَ لَا يَعْلَمُونَ
Ол Аллаһ : «Екеуіңнің тілектеріңе жауап берілді. Туралықты ұстаныңдар және білмейтіндердің жолына ермеңдер!» деді

Choose other languages: