Quran Apps in many lanuages:

Surah Yunus Ayahs #72 Translated in Kazakh

قَالُوا اتَّخَذَ اللَّهُ وَلَدًا ۗ سُبْحَانَهُ ۖ هُوَ الْغَنِيُّ ۖ لَهُ مَا فِي السَّمَاوَاتِ وَمَا فِي الْأَرْضِ ۚ إِنْ عِنْدَكُمْ مِنْ سُلْطَانٍ بِهَٰذَا ۚ أَتَقُولُونَ عَلَى اللَّهِ مَا لَا تَعْلَمُونَ
Олар: «Аллаһ өзіне бала алды», деді. Ол барлық кемшіліктен пәк. Ол әл- Ғани бай, еш нәрсеге мұқтаж емес . Аспандардағы және жердегілердің барлығы Онікі. Сендерде бұған Аллаһтың бала иемденуіне ешбір дәлел жоқ. Сендер Аллаһқа қатысты өздерің білмейтін нәрсені айтасыңдар ма
قُلْ إِنَّ الَّذِينَ يَفْتَرُونَ عَلَى اللَّهِ الْكَذِبَ لَا يُفْلِحُونَ
«Негізінде, Аллаһ туралы өтірікті құрастыратындар жала жабатындар мақсаттарына жетпейді», де
مَتَاعٌ فِي الدُّنْيَا ثُمَّ إِلَيْنَا مَرْجِعُهُمْ ثُمَّ نُذِيقُهُمُ الْعَذَابَ الشَّدِيدَ بِمَا كَانُوا يَكْفُرُونَ
Осы өмірде Оларға пайдалану, рахат бар. Кейін олар Бізге қайтады. Содан кейін оларға күпірліктері имансыздықтары үшін қатты азап таттырамыз
وَاتْلُ عَلَيْهِمْ نَبَأَ نُوحٍ إِذْ قَالَ لِقَوْمِهِ يَا قَوْمِ إِنْ كَانَ كَبُرَ عَلَيْكُمْ مَقَامِي وَتَذْكِيرِي بِآيَاتِ اللَّهِ فَعَلَى اللَّهِ تَوَكَّلْتُ فَأَجْمِعُوا أَمْرَكُمْ وَشُرَكَاءَكُمْ ثُمَّ لَا يَكُنْ أَمْرُكُمْ عَلَيْكُمْ غُمَّةً ثُمَّ اقْضُوا إِلَيَّ وَلَا تُنْظِرُونِ
Ей, Мұхаммед! Оларға Нұх жайлы хабарды оқы. Ол еліне: «Әй, елім! Егер менің араларыңда болуым және Аллаһтың белгілерін ескертуім сендерге ауыр келсе, онда мен Аллаһқа жүгініп, Оған өзімді тапсырдым тәуекел еттім . Сендер қосқан серіктеріңмен бірігіп, кейін маған байланысты ашық әрекет етіңдер әрі маған мұрсат бермеңдер
فَإِنْ تَوَلَّيْتُمْ فَمَا سَأَلْتُكُمْ مِنْ أَجْرٍ ۖ إِنْ أَجْرِيَ إِلَّا عَلَى اللَّهِ ۖ وَأُمِرْتُ أَنْ أَكُونَ مِنَ الْمُسْلِمِينَ
Егер сендер теріс бұрылсаңдар, мен сендерден ол үшін ақы сұраған жоқпын. Менің сыйым Аллаһта әрі мен Мұсылмандардан болуға бұйырылдым», деп айтқан еді

Choose other languages: