Quran Apps in many lanuages:

Surah Yunus Ayahs #8 Translated in Kazakh

إِلَيْهِ مَرْجِعُكُمْ جَمِيعًا ۖ وَعْدَ اللَّهِ حَقًّا ۚ إِنَّهُ يَبْدَأُ الْخَلْقَ ثُمَّ يُعِيدُهُ لِيَجْزِيَ الَّذِينَ آمَنُوا وَعَمِلُوا الصَّالِحَاتِ بِالْقِسْطِ ۚ وَالَّذِينَ كَفَرُوا لَهُمْ شَرَابٌ مِنْ حَمِيمٍ وَعَذَابٌ أَلِيمٌ بِمَا كَانُوا يَكْفُرُونَ
Аллаһтың хақ уәдесі бойынша, сендердің барлығың Оған қайтасыңдар. Ақиқатында, Ол жаратылысты бастап жаратады, содан кейін иманға келген және ізгі амал істегендерге қайтарым сыйларын әділдікпен беру үшін оларды қайтарады. Ал, күпірлік еткендерге иманға келмегендерге күпірліктері үшін қайнап тұрған ыстық судан сусын әрі қинаушы азап бар
هُوَ الَّذِي جَعَلَ الشَّمْسَ ضِيَاءً وَالْقَمَرَ نُورًا وَقَدَّرَهُ مَنَازِلَ لِتَعْلَمُوا عَدَدَ السِّنِينَ وَالْحِسَابَ ۚ مَا خَلَقَ اللَّهُ ذَٰلِكَ إِلَّا بِالْحَقِّ ۚ يُفَصِّلُ الْآيَاتِ لِقَوْمٍ يَعْلَمُونَ
Ол Аллаһ күнді жарық әрі айды нұр етіп жасаған. Әрі оны айды жылдардың санын және есепті білулерің үшін орындармен белгілеген. Аллаһ бұларды ақиқатпен жаратты. Ол, білетін адамдар үшін аяттарды анық етіп түсіндіреді
إِنَّ فِي اخْتِلَافِ اللَّيْلِ وَالنَّهَارِ وَمَا خَلَقَ اللَّهُ فِي السَّمَاوَاتِ وَالْأَرْضِ لَآيَاتٍ لِقَوْمٍ يَتَّقُونَ
Ақиқатында, түн мен күннің ауысып тұруында және Аллаһтың аспандар мен жердегі жаратқандарында, тақуалық ететін Аллаһтың жазасынан қорқып, сақтанатын адамдар үшін белгі-дәлелдер бар
إِنَّ الَّذِينَ لَا يَرْجُونَ لِقَاءَنَا وَرَضُوا بِالْحَيَاةِ الدُّنْيَا وَاطْمَأَنُّوا بِهَا وَالَّذِينَ هُمْ عَنْ آيَاتِنَا غَافِلُونَ
Анығында, Бізбен жолығуды үміт етпегендер және осы өмірге ғана разы болып, оған көңілдері жай тапқандар әрі белгі-дәлелдерімізден қаперсіз болғандар
أُولَٰئِكَ مَأْوَاهُمُ النَّارُ بِمَا كَانُوا يَكْسِبُونَ
міне, солардың істеп жиғандары күнәлары үшін орындары От

Choose other languages: