Quran Apps in many lanuages:

Surah Yunus Ayahs #41 Translated in Kazakh

وَمَا كَانَ هَٰذَا الْقُرْآنُ أَنْ يُفْتَرَىٰ مِنْ دُونِ اللَّهِ وَلَٰكِنْ تَصْدِيقَ الَّذِي بَيْنَ يَدَيْهِ وَتَفْصِيلَ الْكِتَابِ لَا رَيْبَ فِيهِ مِنْ رَبِّ الْعَالَمِينَ
Бұл Құран Аллаһтан, оның ойдан шығарылуы өтіріктен құрастырылуы мүмкін емес. Ол, өзінен алдын болғандардың растауы және Кітаптың анық түсіндірмесі. Ол әлемдердің Раббысынан, онда күмән жоқ
أَمْ يَقُولُونَ افْتَرَاهُ ۖ قُلْ فَأْتُوا بِسُورَةٍ مِثْلِهِ وَادْعُوا مَنِ اسْتَطَعْتُمْ مِنْ دُونِ اللَّهِ إِنْ كُنْتُمْ صَادِقِينَ
Әлде олар ол оны ойдан шығарды дей ме? Ей, Мұхаммед! Айт: «Егер шын сөзді болсаңдар, осы секілді бір сүре келтіріңдер әрі Аллаһтан өзге шақыра алатындарынды шақырыңдар», деп
بَلْ كَذَّبُوا بِمَا لَمْ يُحِيطُوا بِعِلْمِهِ وَلَمَّا يَأْتِهِمْ تَأْوِيلُهُ ۚ كَذَٰلِكَ كَذَّبَ الَّذِينَ مِنْ قَبْلِهِمْ ۖ فَانْظُرْ كَيْفَ كَانَ عَاقِبَةُ الظَّالِمِينَ
Негізінде, олар білімі жетпеген және өздеріне әлі түсіндірмесі келмегенді өтірікке шығарды. Олардан бұрынғылар да осылай өтірікке шығарған еді. Енді, әділетсіздердің соңы қалай болғандығына назар сал
وَمِنْهُمْ مَنْ يُؤْمِنُ بِهِ وَمِنْهُمْ مَنْ لَا يُؤْمِنُ بِهِ ۚ وَرَبُّكَ أَعْلَمُ بِالْمُفْسِدِينَ
Олардың арасында оған Құранға сенетіндер де бар. Әрі олардың арасын­да оған сенбейтіндер де бар. Сенің Раббың бұзушы-бүлдірушілерді жақсы Білуші
وَإِنْ كَذَّبُوكَ فَقُلْ لِي عَمَلِي وَلَكُمْ عَمَلُكُمْ ۖ أَنْتُمْ بَرِيئُونَ مِمَّا أَعْمَلُ وَأَنَا بَرِيءٌ مِمَّا تَعْمَلُونَ
Ей, Мұхаммед! Егер олар сені өтірікші санаса: «Менің ісім өзіме, ал сендердің істерің өздеріңе. Сендер менің істеп жатқаныма қатысты емессіңдер әрі мен де сендердің істеп жатқандарыңа қатысты емеспін», деп айт

Choose other languages: