Quran Apps in many lanuages:

Surah Yunus Ayahs #37 Translated in Kazakh

كَذَٰلِكَ حَقَّتْ كَلِمَتُ رَبِّكَ عَلَى الَّذِينَ فَسَقُوا أَنَّهُمْ لَا يُؤْمِنُونَ
Раббыңның бұзықтарға бойсұнбаушыларға! байланысты: «Олар иманға келмейді», деген сөзі осылай шындыққа шықты
قُلْ هَلْ مِنْ شُرَكَائِكُمْ مَنْ يَبْدَأُ الْخَلْقَ ثُمَّ يُعِيدُهُ ۚ قُلِ اللَّهُ يَبْدَأُ الْخَلْقَ ثُمَّ يُعِيدُهُ ۖ فَأَنَّىٰ تُؤْفَكُونَ
Ей, Мұхаммед! Айт: «Аллаһқа серік етіп қосқандарыңның арасынан, жаратылысты әуел баста пайда етіп, кейін оны қайта жарататын біреу бар ма?» деп. Айт: «Аллаһ жаратылысты әуел баста пайда етіп, кейін оны қайта жаратады. Сонда, қайда бұрылып барасыңдар?!» деп
قُلْ هَلْ مِنْ شُرَكَائِكُمْ مَنْ يَهْدِي إِلَى الْحَقِّ ۚ قُلِ اللَّهُ يَهْدِي لِلْحَقِّ ۗ أَفَمَنْ يَهْدِي إِلَى الْحَقِّ أَحَقُّ أَنْ يُتَّبَعَ أَمَّنْ لَا يَهِدِّي إِلَّا أَنْ يُهْدَىٰ ۖ فَمَا لَكُمْ كَيْفَ تَحْكُمُونَ
Айт: «Аллаһқа серік етіп қосқандарыңның арасынан ақиқатқа алып баратын біреу бар ма?» деп. Айт: «Аллаһ ақиқатқа апарады. Ілесуге, ақиқатпен Жүргізуші құқылырақ па, әлде өзін тура жолға салып жүргізбесе, өзі тура жолмен жүре алмайтын біреу ме? Сендерге не болды, қалай шешім шығарасыңдар
وَمَا يَتَّبِعُ أَكْثَرُهُمْ إِلَّا ظَنًّا ۚ إِنَّ الظَّنَّ لَا يُغْنِي مِنَ الْحَقِّ شَيْئًا ۚ إِنَّ اللَّهَ عَلِيمٌ بِمَا يَفْعَلُونَ
Олардың көпшілігі болжам-жорамалға ереді. Шын мәнінде, жорамал шындықтың бір бөлігін де алмастыра алмайды. Ақиқатында, Аллаһ олардың не істеп жатқандарын Білуші
وَمَا كَانَ هَٰذَا الْقُرْآنُ أَنْ يُفْتَرَىٰ مِنْ دُونِ اللَّهِ وَلَٰكِنْ تَصْدِيقَ الَّذِي بَيْنَ يَدَيْهِ وَتَفْصِيلَ الْكِتَابِ لَا رَيْبَ فِيهِ مِنْ رَبِّ الْعَالَمِينَ
Бұл Құран Аллаһтан, оның ойдан шығарылуы өтіріктен құрастырылуы мүмкін емес. Ол, өзінен алдын болғандардың растауы және Кітаптың анық түсіндірмесі. Ол әлемдердің Раббысынан, онда күмән жоқ

Choose other languages: