Quran Apps in many lanuages:

Surah Yunus Ayahs #13 Translated in Kazakh

إِنَّ الَّذِينَ آمَنُوا وَعَمِلُوا الصَّالِحَاتِ يَهْدِيهِمْ رَبُّهُمْ بِإِيمَانِهِمْ ۖ تَجْرِي مِنْ تَحْتِهِمُ الْأَنْهَارُ فِي جَنَّاتِ النَّعِيمِ
Ақиқатында, иманға келген және ізгі амал істегендерді, олардың имандары себебінен, Раббысы тура жолмен жүргізеді. Нәъимбақтарында (жәннаттың бір аты) олардың астарынан өзендер ағып жатады
دَعْوَاهُمْ فِيهَا سُبْحَانَكَ اللَّهُمَّ وَتَحِيَّتُهُمْ فِيهَا سَلَامٌ ۚ وَآخِرُ دَعْوَاهُمْ أَنِ الْحَمْدُ لِلَّهِ رَبِّ الْعَالَمِينَ
Олардың ол жердегі дұғалары: «Йа, Аллаһ, Сен пәксің», ал ондағы сәлемдесулері: «Сәлем» Амандық және олардың дұғаларының соңы: «Барлық мақтау әлемдердің Раббысы, Аллаһқа!» деу болады
وَلَوْ يُعَجِّلُ اللَّهُ لِلنَّاسِ الشَّرَّ اسْتِعْجَالَهُمْ بِالْخَيْرِ لَقُضِيَ إِلَيْهِمْ أَجَلُهُمْ ۖ فَنَذَرُ الَّذِينَ لَا يَرْجُونَ لِقَاءَنَا فِي طُغْيَانِهِمْ يَعْمَهُونَ
Егер де Аллаһ адамдарға жақсылықты тез бергеніндей, жамандықты да тездеткенде, олардың белгіленген мерзімдері шешілген болар еді. Бізбен кездесуді үміт етпейтіндерді, Біз адасуларында қаңғыртып, тастап қоямыз
وَإِذَا مَسَّ الْإِنْسَانَ الضُّرُّ دَعَانَا لِجَنْبِهِ أَوْ قَاعِدًا أَوْ قَائِمًا فَلَمَّا كَشَفْنَا عَنْهُ ضُرَّهُ مَرَّ كَأَنْ لَمْ يَدْعُنَا إِلَىٰ ضُرٍّ مَسَّهُ ۚ كَذَٰلِكَ زُيِّنَ لِلْمُسْرِفِينَ مَا كَانُوا يَعْمَلُونَ
Қашан адамға бір зиян тисе, ол жамбастап жатса да, отырса да немесе түрегеп тұрса да Бізге жалбарынады. Қашан Біз одан зиянын кетірсек, ол өзіне тиген зиян үшін Бізге жалбарынбағандай өте шығады. Осылай, ысырап етушілерге, істеп жүргендері көрікті етіп көрсетілді
وَلَقَدْ أَهْلَكْنَا الْقُرُونَ مِنْ قَبْلِكُمْ لَمَّا ظَلَمُوا ۙ وَجَاءَتْهُمْ رُسُلُهُمْ بِالْبَيِّنَاتِ وَمَا كَانُوا لِيُؤْمِنُوا ۚ كَذَٰلِكَ نَجْزِي الْقَوْمَ الْمُجْرِمِينَ
Біз сендерден алдыңғы ұрпақтарды, олар әділетсіздік еткенде және анық дәлелдермен келген елшілерге сенбеген кезде жойғанбыз. Біз қылмыскер адамдардың қайтарым жазасын осылай береміз

Choose other languages: