Quran Apps in many lanuages:

Surah Ta-Ha Ayahs #99 Translated in Kazakh

قَالَ فَمَا خَطْبُكَ يَا سَامِرِيُّ
Мұса : «Ей, сәмірилік! Бұл не істегенің?» деді
قَالَ بَصُرْتُ بِمَا لَمْ يَبْصُرُوا بِهِ فَقَبَضْتُ قَبْضَةً مِنْ أَثَرِ الرَّسُولِ فَنَبَذْتُهَا وَكَذَٰلِكَ سَوَّلَتْ لِي نَفْسِي
Ол сәмірилік : «Мен олардың көрмегенін көрдім және елшінің ізінен бір уыс алып, оны мүсінге тастадым. Көңілім маған осылай істеуді әдемі көрсетті»,- деді
قَالَ فَاذْهَبْ فَإِنَّ لَكَ فِي الْحَيَاةِ أَنْ تَقُولَ لَا مِسَاسَ ۖ وَإِنَّ لَكَ مَوْعِدًا لَنْ تُخْلَفَهُ ۖ وَانْظُرْ إِلَىٰ إِلَٰهِكَ الَّذِي ظَلْتَ عَلَيْهِ عَاكِفًا ۖ لَنُحَرِّقَنَّهُ ثُمَّ لَنَنْسِفَنَّهُ فِي الْيَمِّ نَسْفًا
Мұса : «Бар, кет! Енді сен бұл өмірде: «Жақындамаңдар»,- деп айтатын боласың. Әрі саған, сен өзгерте алмайтын белгіленген мерзім бар. Енді беріліп табынған құдайыңа қара, біз оны өртеп, кейін теңізге шашып жібереміз
إِنَّمَا إِلَٰهُكُمُ اللَّهُ الَّذِي لَا إِلَٰهَ إِلَّا هُوَ ۚ وَسِعَ كُلَّ شَيْءٍ عِلْمًا
Ақиқатында, сендердің құдайларың Аллаһ, одан басқа ешбір құдай жоқ. Оның білімі барлық нәрсені қамтыған», деді
كَذَٰلِكَ نَقُصُّ عَلَيْكَ مِنْ أَنْبَاءِ مَا قَدْ سَبَقَ ۚ وَقَدْ آتَيْنَاكَ مِنْ لَدُنَّا ذِكْرًا
Ей, Мұхаммед! Біз саған осылай, бұрын болып өткен хабарларды айтып береміз. Әрі саған Өз тарапымыздан Еске салатынды Құранды бердік

Choose other languages: