Quran Apps in many lanuages:

Surah Ta-Ha Ayahs #94 Translated in Kazakh

وَلَقَدْ قَالَ لَهُمْ هَارُونُ مِنْ قَبْلُ يَا قَوْمِ إِنَّمَا فُتِنْتُمْ بِهِ ۖ وَإِنَّ رَبَّكُمُ الرَّحْمَٰنُ فَاتَّبِعُونِي وَأَطِيعُوا أَمْرِي
Һарұн оларға бұған дейін: «Әй, елім! Шын мәнінде сендер осы жасалған мүсін арқылы сыналудасыңдар. Ақиқатында сендердің Раббың әр-Рахман аса Қайырымды . Сондықтан сендер маған еріңдер әрі бұйрығыма бағыныңдар»,- деді
قَالُوا لَنْ نَبْرَحَ عَلَيْهِ عَاكِفِينَ حَتَّىٰ يَرْجِعَ إِلَيْنَا مُوسَىٰ
Қауымы : «Мұса қайтып келгенше, біз оған мүсінге табынуды тоқтатпаймыз», -деді
قَالَ يَا هَارُونُ مَا مَنَعَكَ إِذْ رَأَيْتَهُمْ ضَلُّوا
Мұса келіп : «Ей, Һарұн! Олардың адасқанын көрген кезіңде, саған не кедергі болды
أَلَّا تَتَّبِعَنِ ۖ أَفَعَصَيْتَ أَمْرِي
соңымнан маған келуіңе. Әлде бұйрығыма бағынбадың ба?»- деді
قَالَ يَا ابْنَ أُمَّ لَا تَأْخُذْ بِلِحْيَتِي وَلَا بِرَأْسِي ۖ إِنِّي خَشِيتُ أَنْ تَقُولَ فَرَّقْتَ بَيْنَ بَنِي إِسْرَائِيلَ وَلَمْ تَرْقُبْ قَوْلِي
Һарун : «Ей, анамның ұлы! Менің сақалым мен басымнан жармаспа. Негізінде, мен сенің: «Исраил ұрпақтарының арасын бөлдің және сөзімді ескермедің», деп айтуыңнан қорықтым»,- деді

Choose other languages: