Quran Apps in many lanuages:

Surah Ta-Ha Ayahs #135 Translated in Kazakh

وَلَا تَمُدَّنَّ عَيْنَيْكَ إِلَىٰ مَا مَتَّعْنَا بِهِ أَزْوَاجًا مِنْهُمْ زَهْرَةَ الْحَيَاةِ الدُّنْيَا لِنَفْتِنَهُمْ فِيهِ ۚ وَرِزْقُ رَبِّكَ خَيْرٌ وَأَبْقَىٰ
Біз олардың кейбіреулеріне сынақ үшін берген осы өмірдің сән-салтанаты болған түрлі нәрселерге көзіңді салма. Ал, Раббыңның ризығы қайырлы әрі тұрақты
وَأْمُرْ أَهْلَكَ بِالصَّلَاةِ وَاصْطَبِرْ عَلَيْهَا ۖ لَا نَسْأَلُكَ رِزْقًا ۖ نَحْنُ نَرْزُقُكَ ۗ وَالْعَاقِبَةُ لِلتَّقْوَىٰ
Үй-ішіңді намазға бұйыр әрі өзің де оған сабырлы бол. Біз сенен ризық сұрамаймыз. Саған ризықты Біз береміз. Соңғы нәтиже тақуалардікі Раббысына бойсұнып, жазасынан қорқып, сақтанушылардікі
وَقَالُوا لَوْلَا يَأْتِينَا بِآيَةٍ مِنْ رَبِّهِ ۚ أَوَلَمْ تَأْتِهِمْ بَيِّنَةُ مَا فِي الصُّحُفِ الْأُولَىٰ
Олар кәпірлер : «Неге ол бізге Раббысынан бір белгі-мұғжизалар келтірмейді?»- деді. Оларға бұрынғы жазбалардағы сухуфтардағы анық дәлелдер келген жоқ па
وَلَوْ أَنَّا أَهْلَكْنَاهُمْ بِعَذَابٍ مِنْ قَبْلِهِ لَقَالُوا رَبَّنَا لَوْلَا أَرْسَلْتَ إِلَيْنَا رَسُولًا فَنَتَّبِعَ آيَاتِكَ مِنْ قَبْلِ أَنْ نَذِلَّ وَنَخْزَىٰ
Егер де оларды осыған дейін бір азаппен жойып жібергенімізде, олар: «Раббымыз! Қор болып және қасірет шекпей тұрып, аяттарыңа еруіміз үшін бізге неге бір Елші жібермедің?» дейтін еді
قُلْ كُلٌّ مُتَرَبِّصٌ فَتَرَبَّصُوا ۖ فَسَتَعْلَمُونَ مَنْ أَصْحَابُ الصِّرَاطِ السَّوِيِّ وَمَنِ اهْتَدَىٰ
Ей, Мұхаммед! Айт: «Барлығы күтуде. Сендер де күтіңдер. Жақында тура жолдың иелері кім екендігін және кімнің тура жолмен жүргенін білесіңдер», деп

Choose other languages: