Quran Apps in many lanuages:

Surah Ta-Ha Ayahs #118 Translated in Kazakh

فَتَعَالَى اللَّهُ الْمَلِكُ الْحَقُّ ۗ وَلَا تَعْجَلْ بِالْقُرْآنِ مِنْ قَبْلِ أَنْ يُقْضَىٰ إِلَيْكَ وَحْيُهُ ۖ وَقُلْ رَبِّ زِدْنِي عِلْمًا
әл-Мәлик барлық нәрсенің шын Билеушісі әрі әл-Хақ кемел Хақ Аллаһ өте жоғары. Ей, Мұхаммед! Саған уахи етілуі аяқталмай тұрып, Құранмен оны қайталауға асықпа. Әрі айт: «Раббым! Менің білімімді арттыр»,- деп
وَلَقَدْ عَهِدْنَا إِلَىٰ آدَمَ مِنْ قَبْلُ فَنَسِيَ وَلَمْ نَجِدْ لَهُ عَزْمًا
Біз бұрын Адамнан серт алған едік, бірақ ол ұмытты. Одан беріктік таппадық
وَإِذْ قُلْنَا لِلْمَلَائِكَةِ اسْجُدُوا لِآدَمَ فَسَجَدُوا إِلَّا إِبْلِيسَ أَبَىٰ
Әрі кезінде Біз періштелерге: «Адамға сәжде жасаңдар», дедік. Сонда олар сәждеетті. Ал, Ібіліс бас тартты
فَقُلْنَا يَا آدَمُ إِنَّ هَٰذَا عَدُوٌّ لَكَ وَلِزَوْجِكَ فَلَا يُخْرِجَنَّكُمَا مِنَ الْجَنَّةِ فَتَشْقَىٰ
Сонда Біз: «Ей, Адам! Шын мәнінде бүл Ібіліс саған және сенің жұбайыңа жау. Ол екеуіңді Жәннаттан шығарып жібермесін. Онда бақытсыз боласың
إِنَّ لَكَ أَلَّا تَجُوعَ فِيهَا وَلَا تَعْرَىٰ
Сен онда жәннатта аш болмайсың әрі жалаңаш та болмайсың

Choose other languages: