Quran Apps in many lanuages:

Surah Ta-Ha Ayahs #113 Translated in Kazakh

يَوْمَئِذٍ لَا تَنْفَعُ الشَّفَاعَةُ إِلَّا مَنْ أَذِنَ لَهُ الرَّحْمَٰنُ وَرَضِيَ لَهُ قَوْلًا
Сол күні ешбір араға түсушілік шапағат ету пайда бермейді, тек әр-Рахман рұқсат еткеннің және сөзінен разы болғанның ара түсуі пайда береді
يَعْلَمُ مَا بَيْنَ أَيْدِيهِمْ وَمَا خَلْفَهُمْ وَلَا يُحِيطُونَ بِهِ عِلْمًا
Ол Аллаһ олардың алдындағысын әрі артындағысын біледі. Ал олар мұны біліммен қамти алмайды
وَعَنَتِ الْوُجُوهُ لِلْحَيِّ الْقَيُّومِ ۖ وَقَدْ خَابَ مَنْ حَمَلَ ظُلْمًا
Әрі жүздер әл-Хайй мәңгі Тірі және әл-Қаййумға бәріне тіршілік беріп Басқарушыға бағынып, төмен қарайды. Әділетсіздікті арқалап келген үмітсіздікке ұшырайды
وَمَنْ يَعْمَلْ مِنَ الصَّالِحَاتِ وَهُوَ مُؤْمِنٌ فَلَا يَخَافُ ظُلْمًا وَلَا هَضْمًا
Ал, кім иманды болған күйде ізгі амал істесе, ол әділетсіздіктен де, жақсылықтарының кемітілуінен де қорықпайды
وَكَذَٰلِكَ أَنْزَلْنَاهُ قُرْآنًا عَرَبِيًّا وَصَرَّفْنَا فِيهِ مِنَ الْوَعِيدِ لَعَلَّهُمْ يَتَّقُونَ أَوْ يُحْدِثُ لَهُمْ ذِكْرًا
Міне, Біз осылай, оны еске салатынды арабша Құран етіп түсірдік. Әрі олардың тақуалық етуін Аллаһтың жаза­сынан қорқып, сақтануын не еске алуларын ояту пайда ету үшін онда түрлі ескерту-қорқытуларды келтірдік

Choose other languages: