Quran Apps in many lanuages:

Surah Muhammad Ayahs #32 Translated in Kazakh

ذَٰلِكَ بِأَنَّهُمُ اتَّبَعُوا مَا أَسْخَطَ اللَّهَ وَكَرِهُوا رِضْوَانَهُ فَأَحْبَطَ أَعْمَالَهُمْ
Мұның себебі олардың Аллаһтың қаһарын шақыратын нәрселерге еруі және Оның ризалығын Ол ұнатқан істерді жаман көрулерінен. Сондықтан Ол Аллаһ олардың амалдарын пайдасыз, бекер етті
أَمْ حَسِبَ الَّذِينَ فِي قُلُوبِهِمْ مَرَضٌ أَنْ لَنْ يُخْرِجَ اللَّهُ أَضْغَانَهُمْ
Сонда жүректерінде дерті барлар, Аллаһ олардың өшпенділігін ешқашан әшкерелемейді деп ойлады ма
وَلَوْ نَشَاءُ لَأَرَيْنَاكَهُمْ فَلَعَرَفْتَهُمْ بِسِيمَاهُمْ ۚ وَلَتَعْرِفَنَّهُمْ فِي لَحْنِ الْقَوْلِ ۚ وَاللَّهُ يَعْلَمُ أَعْمَالَكُمْ
Ей, Мұхаммед! Егер де қалағанымызда, Біз оларды саған көрсетіп, сен олар­ды белгілерінен нышандарынан танитын едің. Алайда сен оларды сөз әлпетінен мағынасынан танисың. Аллаһ сендердің істеріңді біледі
وَلَنَبْلُوَنَّكُمْ حَتَّىٰ نَعْلَمَ الْمُجَاهِدِينَ مِنْكُمْ وَالصَّابِرِينَ وَنَبْلُوَ أَخْبَارَكُمْ
Әрі Біз сендерді міндетті түрде, сынаққа ұшыратамыз сендерден күресушілер және сабыр етушілер анықталғанға дейін әрі хабарларыңды да сөздері мен амалдарыңды сынаймыз
إِنَّ الَّذِينَ كَفَرُوا وَصَدُّوا عَنْ سَبِيلِ اللَّهِ وَشَاقُّوا الرَّسُولَ مِنْ بَعْدِ مَا تَبَيَّنَ لَهُمُ الْهُدَىٰ لَنْ يَضُرُّوا اللَّهَ شَيْئًا وَسَيُحْبِطُ أَعْمَالَهُمْ
Шын мәнінде, сондай күпірлік етушілер иманға келмегендер және Аллаһтың жолынан қайтарғандар әрі өздеріне тура жол анықталғаннан кейін Елшіге қарсы шыққандар Аллаһқа ешбір нәрседе мүлдем зиян келтіре алмайды. Ал, Ол Аллаһ олардың амалдарын бекер етеді

Choose other languages: