Quran Apps in many lanuages:

Surah Muhammad Ayahs #23 Translated in Kazakh

فَاعْلَمْ أَنَّهُ لَا إِلَٰهَ إِلَّا اللَّهُ وَاسْتَغْفِرْ لِذَنْبِكَ وَلِلْمُؤْمِنِينَ وَالْمُؤْمِنَاتِ ۗ وَاللَّهُ يَعْلَمُ مُتَقَلَّبَكُمْ وَمَثْوَاكُمْ
Ей, Мұхаммед! Біл, Аллаһтан басқа ешбір құдай жоқ. Өзіңнің күнәң үшін және иманды ерлер мен иманды әйелдер үшін кешірім тіле. Аллаһ сендердің қозғалып, әрекет ететін орындарыңды және тұрақтайтын орындарыңды біледі
وَيَقُولُ الَّذِينَ آمَنُوا لَوْلَا نُزِّلَتْ سُورَةٌ ۖ فَإِذَا أُنْزِلَتْ سُورَةٌ مُحْكَمَةٌ وَذُكِرَ فِيهَا الْقِتَالُ ۙ رَأَيْتَ الَّذِينَ فِي قُلُوبِهِمْ مَرَضٌ يَنْظُرُونَ إِلَيْكَ نَظَرَ الْمَغْشِيِّ عَلَيْهِ مِنَ الْمَوْتِ ۖ فَأَوْلَىٰ لَهُمْ
Иманға келгендер: «Бір сүре түсірілмей ме?» дейді. Ал, қашан анық бір сүре түсіріліп және онда соғыс туралы айтылса, жүрегінде дерті барлардың саған өлімнен қорқып есі кеткен біреудің қарағанындай қарайтынын көресің. Негізінде, Оларға көбірек лайықтысы
طَاعَةٌ وَقَوْلٌ مَعْرُوفٌ ۚ فَإِذَا عَزَمَ الْأَمْرُ فَلَوْ صَدَقُوا اللَّهَ لَكَانَ خَيْرًا لَهُمْ
бойсұну және жақсы соз еді. Шешім қабылданған кезде олардың Аллаһқа адал болуы өздері үшін қайырлы болар еді
فَهَلْ عَسَيْتُمْ إِنْ تَوَلَّيْتُمْ أَنْ تُفْسِدُوا فِي الْأَرْضِ وَتُقَطِّعُوا أَرْحَامَكُمْ
Ал, егер сендер теріс бұрылсаңдар, онда жер бетін бұзушы және туыстық байланысты үзушілерден боласыңдар
أُولَٰئِكَ الَّذِينَ لَعَنَهُمُ اللَّهُ فَأَصَمَّهُمْ وَأَعْمَىٰ أَبْصَارَهُمْ
Міне, бұлар Аллаһтың лағнет еткендері мейірімінен алыстатқандары , сөйтіп Ол оларды керең әрі көздерін де соқыр қылды

Choose other languages: