Quran Apps in many lanuages:

Surah Maryam Ayahs #43 Translated in Kazakh

وَأَنْذِرْهُمْ يَوْمَ الْحَسْرَةِ إِذْ قُضِيَ الْأَمْرُ وَهُمْ فِي غَفْلَةٍ وَهُمْ لَا يُؤْمِنُونَ
Ей, Мұхаммед! Оларға барлық іс шешілетін қасіретті Күнді ескерт. Ал, олар қаперсіздік танытуда бейғамдықта әрі сенбеуде
إِنَّا نَحْنُ نَرِثُ الْأَرْضَ وَمَنْ عَلَيْهَا وَإِلَيْنَا يُرْجَعُونَ
Ақиқатында жер және оның үстіндегілері Бізде қалады. Әрі олар Бізге қайтарылады
وَاذْكُرْ فِي الْكِتَابِ إِبْرَاهِيمَ ۚ إِنَّهُ كَانَ صِدِّيقًا نَبِيًّا
Ей, Мұхаммед! Әрі Кітаптағы Ибраһимді есіңе ал. Анығында, ол өте шыншыл және Пайғамбар еді
إِذْ قَالَ لِأَبِيهِ يَا أَبَتِ لِمَ تَعْبُدُ مَا لَا يَسْمَعُ وَلَا يُبْصِرُ وَلَا يُغْنِي عَنْكَ شَيْئًا
Міне, кезінде ол әкесіне: «Әй, әкешім! Неге сен естімейтін, көрмейтін және өзіңе ешпайда бермейтін нәрсеге табынасың
يَا أَبَتِ إِنِّي قَدْ جَاءَنِي مِنَ الْعِلْمِ مَا لَمْ يَأْتِكَ فَاتَّبِعْنِي أَهْدِكَ صِرَاطًا سَوِيًّا
Әй, әкетайым! Шын мәнінде маған, саған келмеген бір білім келді. Сондықтан маған ілес, сені тура жолға бастаймын

Choose other languages: