Quran Apps in many lanuages:

Surah Luqman Ayahs #9 Translated in Kazakh

أُولَٰئِكَ عَلَىٰ هُدًى مِنْ رَبِّهِمْ ۖ وَأُولَٰئِكَ هُمُ الْمُفْلِحُونَ
Міне, солар өздерінің Раббысынан болған тура жолдағылар әрі солар мұратына жететіндер
وَمِنَ النَّاسِ مَنْ يَشْتَرِي لَهْوَ الْحَدِيثِ لِيُضِلَّ عَنْ سَبِيلِ اللَّهِ بِغَيْرِ عِلْمٍ وَيَتَّخِذَهَا هُزُوًا ۚ أُولَٰئِكَ لَهُمْ عَذَابٌ مُهِينٌ
Адамдардың ішінде, ешқандай білімі болмаса да адамдарды Аллаһтың жолынан адастыру үшін пайдасыз бос әңгімелерді сатып алатын бар әрі ол оны Аллаһтың жолын келекеге айналдырады. Міне, соларға қорлаушы азап болады
وَإِذَا تُتْلَىٰ عَلَيْهِ آيَاتُنَا وَلَّىٰ مُسْتَكْبِرًا كَأَنْ لَمْ يَسْمَعْهَا كَأَنَّ فِي أُذُنَيْهِ وَقْرًا ۖ فَبَشِّرْهُ بِعَذَابٍ أَلِيمٍ
Қашан оған Біздің аяттарымыз оқылса, ол оны естімегендей, құлағында кереңдік бар секілді, өзін жоғары санап, менменси теріс бұрылады. Ей, Мұхаммед! Оны күйзелтуші азаппен «сүйіншіле»
إِنَّ الَّذِينَ آمَنُوا وَعَمِلُوا الصَّالِحَاتِ لَهُمْ جَنَّاتُ النَّعِيمِ
Ақиқатында иманға келген және ізгі амал істегендерге Наъим бақтары бар
خَالِدِينَ فِيهَا ۖ وَعْدَ اللَّهِ حَقًّا ۚ وَهُوَ الْعَزِيزُ الْحَكِيمُ
Олар, Аллаһтың хақ уәдесі бойынша онда мәңгі қалады. Ол -бәрінен Үстем, аса Дана

Choose other languages: