Quran Apps in many lanuages:

Surah Luqman Ayahs #20 Translated in Kazakh

يَا بُنَيَّ إِنَّهَا إِنْ تَكُ مِثْقَالَ حَبَّةٍ مِنْ خَرْدَلٍ فَتَكُنْ فِي صَخْرَةٍ أَوْ فِي السَّمَاوَاتِ أَوْ فِي الْأَرْضِ يَأْتِ بِهَا اللَّهُ ۚ إِنَّ اللَّهَ لَطِيفٌ خَبِيرٌ
«Әй, балам! Егер қыша дәнінің салмағындай бір нәрсе болып, ол бір жартастың ішінде, не аспандарда, не жерде болса да, Аллаһ оны келтіреді. Ақиқатында, Аллаһ барлық нәрсені толық Білуші, бәрінен Хабардар
يَا بُنَيَّ أَقِمِ الصَّلَاةَ وَأْمُرْ بِالْمَعْرُوفِ وَانْهَ عَنِ الْمُنْكَرِ وَاصْبِرْ عَلَىٰ مَا أَصَابَكَ ۖ إِنَّ ذَٰلِكَ مِنْ عَزْمِ الْأُمُورِ
Әй, балам, намазды барлық шарттарын сақтап, беріле, толық орында, құпталғанға бұйыр әрі тыйым салынғаннан қайтар және басыңа түскенге сабыр ет. Ақиқатында, бұлар қайрат-жігер танытатын істерден
وَلَا تُصَعِّرْ خَدَّكَ لِلنَّاسِ وَلَا تَمْشِ فِي الْأَرْضِ مَرَحًا ۖ إِنَّ اللَّهَ لَا يُحِبُّ كُلَّ مُخْتَالٍ فَخُورٍ
Адамдардан бетіңді менменси қисайтып бұрма әрі жер бетінде кердеңдеп жүрме. Ақиқатында, Аллаһ әрбір өркөкіректі әрі мақтаншақты жақсы көрмейді
وَاقْصِدْ فِي مَشْيِكَ وَاغْضُضْ مِنْ صَوْتِكَ ۚ إِنَّ أَنْكَرَ الْأَصْوَاتِ لَصَوْتُ الْحَمِيرِ
Әрі жүрісіңде орташа, бірқалыпты бол және дауысыңды бәсеңдет. Өйткені дауыстардың ең жағымсызы есектің дауысы
أَلَمْ تَرَوْا أَنَّ اللَّهَ سَخَّرَ لَكُمْ مَا فِي السَّمَاوَاتِ وَمَا فِي الْأَرْضِ وَأَسْبَغَ عَلَيْكُمْ نِعَمَهُ ظَاهِرَةً وَبَاطِنَةً ۗ وَمِنَ النَّاسِ مَنْ يُجَادِلُ فِي اللَّهِ بِغَيْرِ عِلْمٍ وَلَا هُدًى وَلَا كِتَابٍ مُنِيرٍ
Аспандар мен жердегі нәрселерді Аллаһтың сендер үшін бағынышты еткенін, әрі сендерді ап-айқын және жасырын көрінбейтін игіліктеріне бөлегенін көрмедіңдер ме? Адамдардың арасында өзінде не білімі, не тура жолға бастаушысы, не жарық беруші кітабы болмаса да Аллаһ жайында айтысатындары бар

Choose other languages: