Quran Apps in many lanuages:

Surah Luqman Ayahs #19 Translated in Kazakh

وَإِنْ جَاهَدَاكَ عَلَىٰ أَنْ تُشْرِكَ بِي مَا لَيْسَ لَكَ بِهِ عِلْمٌ فَلَا تُطِعْهُمَا ۖ وَصَاحِبْهُمَا فِي الدُّنْيَا مَعْرُوفًا ۖ وَاتَّبِعْ سَبِيلَ مَنْ أَنَابَ إِلَيَّ ۚ ثُمَّ إِلَيَّ مَرْجِعُكُمْ فَأُنَبِّئُكُمْ بِمَا كُنْتُمْ تَعْمَلُونَ
Ал, егер ол екеуі өзінде білімі болмаған нәрсені Маған серік етіп қосуың үшін ұмтылып, әрекет етсе, онда оларға бағынба. Бірақ, бұл дүниеде оларды құпталғанға сай қарап, күт, әрі Маған бойсұнып, жүгінгендердің жолымен жүр. Кейін сендер Маған қайтасындар. Сонда сендерге не істеп өткендеріңнің хабарын беремін
يَا بُنَيَّ إِنَّهَا إِنْ تَكُ مِثْقَالَ حَبَّةٍ مِنْ خَرْدَلٍ فَتَكُنْ فِي صَخْرَةٍ أَوْ فِي السَّمَاوَاتِ أَوْ فِي الْأَرْضِ يَأْتِ بِهَا اللَّهُ ۚ إِنَّ اللَّهَ لَطِيفٌ خَبِيرٌ
«Әй, балам! Егер қыша дәнінің салмағындай бір нәрсе болып, ол бір жартастың ішінде, не аспандарда, не жерде болса да, Аллаһ оны келтіреді. Ақиқатында, Аллаһ барлық нәрсені толық Білуші, бәрінен Хабардар
يَا بُنَيَّ أَقِمِ الصَّلَاةَ وَأْمُرْ بِالْمَعْرُوفِ وَانْهَ عَنِ الْمُنْكَرِ وَاصْبِرْ عَلَىٰ مَا أَصَابَكَ ۖ إِنَّ ذَٰلِكَ مِنْ عَزْمِ الْأُمُورِ
Әй, балам, намазды барлық шарттарын сақтап, беріле, толық орында, құпталғанға бұйыр әрі тыйым салынғаннан қайтар және басыңа түскенге сабыр ет. Ақиқатында, бұлар қайрат-жігер танытатын істерден
وَلَا تُصَعِّرْ خَدَّكَ لِلنَّاسِ وَلَا تَمْشِ فِي الْأَرْضِ مَرَحًا ۖ إِنَّ اللَّهَ لَا يُحِبُّ كُلَّ مُخْتَالٍ فَخُورٍ
Адамдардан бетіңді менменси қисайтып бұрма әрі жер бетінде кердеңдеп жүрме. Ақиқатында, Аллаһ әрбір өркөкіректі әрі мақтаншақты жақсы көрмейді
وَاقْصِدْ فِي مَشْيِكَ وَاغْضُضْ مِنْ صَوْتِكَ ۚ إِنَّ أَنْكَرَ الْأَصْوَاتِ لَصَوْتُ الْحَمِيرِ
Әрі жүрісіңде орташа, бірқалыпты бол және дауысыңды бәсеңдет. Өйткені дауыстардың ең жағымсызы есектің дауысы

Choose other languages: