Quran Apps in many lanuages:

Surah Ibrahim Ayahs #35 Translated in Kazakh

قُلْ لِعِبَادِيَ الَّذِينَ آمَنُوا يُقِيمُوا الصَّلَاةَ وَيُنْفِقُوا مِمَّا رَزَقْنَاهُمْ سِرًّا وَعَلَانِيَةً مِنْ قَبْلِ أَنْ يَأْتِيَ يَوْمٌ لَا بَيْعٌ فِيهِ وَلَا خِلَالٌ
Ей, Мұхаммед! Иманға келген құлдарыма айт: «Намазды барлық шарттарын сақтап, беріле толық орындасын және сауда да, достық та болмайтын Күн келмей тұрып, Біз өздеріне ризық етіп бергеннен жасырын әрі жария түрде жұмсасын», деп
اللَّهُ الَّذِي خَلَقَ السَّمَاوَاتِ وَالْأَرْضَ وَأَنْزَلَ مِنَ السَّمَاءِ مَاءً فَأَخْرَجَ بِهِ مِنَ الثَّمَرَاتِ رِزْقًا لَكُمْ ۖ وَسَخَّرَ لَكُمُ الْفُلْكَ لِتَجْرِيَ فِي الْبَحْرِ بِأَمْرِهِ ۖ وَسَخَّرَ لَكُمُ الْأَنْهَارَ
Аллаһ, Ол аспандарды және жерді жаратты әрі аспаннан су түсіріп, онымен сендерге азық етіп түрлі жемістерді шығарды және Өз әмірімен теңізде жүзуі үшін сендерге кемелерді бағындырды әрі сендерге өзендерді бағындырды
وَسَخَّرَ لَكُمُ الشَّمْسَ وَالْقَمَرَ دَائِبَيْنِ ۖ وَسَخَّرَ لَكُمُ اللَّيْلَ وَالنَّهَارَ
Әрі Ол сендерге пайдаларың үшін күн мен айды белгілі тәртіппен қозғалатын етіп бағындырды және түн мен күндізді бағындырды
وَآتَاكُمْ مِنْ كُلِّ مَا سَأَلْتُمُوهُ ۚ وَإِنْ تَعُدُّوا نِعْمَتَ اللَّهِ لَا تُحْصُوهَا ۗ إِنَّ الْإِنْسَانَ لَظَلُومٌ كَفَّارٌ
Ол сендерге сұрағандарыңның барлығын берді. Аллаһтың игіліктерін санайтын болсаңдар, оның есебіне жете алмайсыңдар. Негізінде, адам баласы тым әділетсіз, тым шүкірсіз Аллаһтың берген игіліктеріне алғыс білдірмейді
وَإِذْ قَالَ إِبْرَاهِيمُ رَبِّ اجْعَلْ هَٰذَا الْبَلَدَ آمِنًا وَاجْنُبْنِي وَبَنِيَّ أَنْ نَعْبُدَ الْأَصْنَامَ
Кезінде Ибраһим: «Раббым, осы қаланы қауіпсіз ет, мені және балаларымды пұттарға табынудан аулақ ет

Choose other languages: