Quran Apps in many lanuages:

Surah Ibrahim Ayahs #26 Translated in Kazakh

وَقَالَ الشَّيْطَانُ لَمَّا قُضِيَ الْأَمْرُ إِنَّ اللَّهَ وَعَدَكُمْ وَعْدَ الْحَقِّ وَوَعَدْتُكُمْ فَأَخْلَفْتُكُمْ ۖ وَمَا كَانَ لِيَ عَلَيْكُمْ مِنْ سُلْطَانٍ إِلَّا أَنْ دَعَوْتُكُمْ فَاسْتَجَبْتُمْ لِي ۖ فَلَا تَلُومُونِي وَلُومُوا أَنْفُسَكُمْ ۖ مَا أَنَا بِمُصْرِخِكُمْ وَمَا أَنْتُمْ بِمُصْرِخِيَّ ۖ إِنِّي كَفَرْتُ بِمَا أَشْرَكْتُمُونِ مِنْ قَبْلُ ۗ إِنَّ الظَّالِمِينَ لَهُمْ عَذَابٌ أَلِيمٌ
Ал, іс біткен кезде шайтан: «Ақиқатында, Аллаһтың сендерге берген уәдесі хақ уәде еді. Мен де сендерге уәде еттім, алайда, сендерді алдадым. Менің өздеріңді шақырғаным ғана болмаса, сендерге ешқандай билігім жоқ еді. Сонда да сендер маған жауап бердіңдер. Енді мені кінәламаңдар, керісінше, өздеріңді кінәлаңдар. Мен сендерге көмек бере алмаймын, сондай-ақ, сендер де маған көмек бере алмайсыңдар. Сендердің бұрын мені Аллаһқа серік етіп қосқандарыңнан бас тартамын», дейді. Ақиқатында, әділетсіздерге қинаушы азап бар
وَأُدْخِلَ الَّذِينَ آمَنُوا وَعَمِلُوا الصَّالِحَاتِ جَنَّاتٍ تَجْرِي مِنْ تَحْتِهَا الْأَنْهَارُ خَالِدِينَ فِيهَا بِإِذْنِ رَبِّهِمْ ۖ تَحِيَّتُهُمْ فِيهَا سَلَامٌ
Ал, иманға келген және ізгі амал істегендер астынан өзендер ағып жататын Жәннаттағы бақтарға кіргізіледі. Олар Раббысының рұқсатымен ол жерде мәңгі тұрады. Ол жердегі олардың сәлемдесулері: «Сәләм!» амандық болсын болады
أَلَمْ تَرَ كَيْفَ ضَرَبَ اللَّهُ مَثَلًا كَلِمَةً طَيِّبَةً كَشَجَرَةٍ طَيِّبَةٍ أَصْلُهَا ثَابِتٌ وَفَرْعُهَا فِي السَّمَاءِ
Ей, Мұхаммед! Аллаһтың жақсы сөзді қалай мысал етіп келтіргенін көрмедің бе? Жақсы сөз жақсы ағаш секілді, оның тамыры мықты, бұтағы аспанда
تُؤْتِي أُكُلَهَا كُلَّ حِينٍ بِإِذْنِ رَبِّهَا ۗ وَيَضْرِبُ اللَّهُ الْأَمْثَالَ لِلنَّاسِ لَعَلَّهُمْ يَتَذَكَّرُونَ
Ол Раббысының рұқсатымен жемісін әрдайым беріп тұрады. Аллаһ мысалдарды адамдар ескеріп, ғибрат алулары үшін келтіреді
وَمَثَلُ كَلِمَةٍ خَبِيثَةٍ كَشَجَرَةٍ خَبِيثَةٍ اجْتُثَّتْ مِنْ فَوْقِ الْأَرْضِ مَا لَهَا مِنْ قَرَارٍ
Ал, жаман сөздің мысалы жердің бетінен жұлып алынған, тамыры орнықсыз жаман ағаш сияқты

Choose other languages: