Quran Apps in many lanuages:

Surah Hud Ayahs #11 Translated in Kazakh

وَهُوَ الَّذِي خَلَقَ السَّمَاوَاتِ وَالْأَرْضَ فِي سِتَّةِ أَيَّامٍ وَكَانَ عَرْشُهُ عَلَى الْمَاءِ لِيَبْلُوَكُمْ أَيُّكُمْ أَحْسَنُ عَمَلًا ۗ وَلَئِنْ قُلْتَ إِنَّكُمْ مَبْعُوثُونَ مِنْ بَعْدِ الْمَوْتِ لَيَقُولَنَّ الَّذِينَ كَفَرُوا إِنْ هَٰذَا إِلَّا سِحْرٌ مُبِينٌ
Ол сендерді, амал етуде қайсыларың жақсы екенін сынау үшін аспандарды және жерді алты күнде жаратқан. Әрі Оның Аршысы су үстінде еді. Егер оларға: «Сендер өлгеннен кейін, әлбетте, қайта тірілесіңдер» десең, күпірлік еткендер қайта тірілуді мойындамайтындар : «бұл бар болғаны анық бір сиқыр», дейді
وَلَئِنْ أَخَّرْنَا عَنْهُمُ الْعَذَابَ إِلَىٰ أُمَّةٍ مَعْدُودَةٍ لَيَقُولُنَّ مَا يَحْبِسُهُ ۗ أَلَا يَوْمَ يَأْتِيهِمْ لَيْسَ مَصْرُوفًا عَنْهُمْ وَحَاقَ بِهِمْ مَا كَانُوا بِهِ يَسْتَهْزِئُونَ
Егер Біз азапты олардан санаулы бір мерзімге дейін кешіктірсек, олар: «Оны азапты не ұстап тұр?» дейді. Біліңдер, оларға ол азап келген күні, олардан қайтарылмайды әрі олардың мазақ етіп келгендері өздерін қоршап алады
وَلَئِنْ أَذَقْنَا الْإِنْسَانَ مِنَّا رَحْمَةً ثُمَّ نَزَعْنَاهَا مِنْهُ إِنَّهُ لَيَئُوسٌ كَفُورٌ
Егер Біз адамға мейірімімізден бір нәрсе беріп, содан кейін оны алып қойсақ, ол мүлде үмітін үзіп, Аллаһтың бергенін мойындамай, жоққа шығарады
وَلَئِنْ أَذَقْنَاهُ نَعْمَاءَ بَعْدَ ضَرَّاءَ مَسَّتْهُ لَيَقُولَنَّ ذَهَبَ السَّيِّئَاتُ عَنِّي ۚ إِنَّهُ لَفَرِحٌ فَخُورٌ
Ал, егер оған өзіне келген қиыншылықтан кейін бір игілігімізден тигізсек, ол: «Жамандықтар менен кетті» деп, қуанып, мақтанады
إِلَّا الَّذِينَ صَبَرُوا وَعَمِلُوا الصَّالِحَاتِ أُولَٰئِكَ لَهُمْ مَغْفِرَةٌ وَأَجْرٌ كَبِيرٌ
Тек қана сабыр еткен және ізгі амал істегендердің жөні бөлек. Оларға кешірім әрі үлкен сый бар

Choose other languages: