Quran Apps in many lanuages:

Surah Hud Ayahs #66 Translated in Kazakh

قَالُوا يَا صَالِحُ قَدْ كُنْتَ فِينَا مَرْجُوًّا قَبْلَ هَٰذَا ۖ أَتَنْهَانَا أَنْ نَعْبُدَ مَا يَعْبُدُ آبَاؤُنَا وَإِنَّنَا لَفِي شَكٍّ مِمَّا تَدْعُونَا إِلَيْهِ مُرِيبٍ
Олар: «Ей, Салих! Сен осыған дейін біздің арамызда үміт күтілген жан едің. Енді бізді аталарымыз табынған нәрсеге табынудан тиясың ба? Негізінде, біз сенің шақырғаныңнан күмән-күдіктеміз», деді
قَالَ يَا قَوْمِ أَرَأَيْتُمْ إِنْ كُنْتُ عَلَىٰ بَيِّنَةٍ مِنْ رَبِّي وَآتَانِي مِنْهُ رَحْمَةً فَمَنْ يَنْصُرُنِي مِنَ اللَّهِ إِنْ عَصَيْتُهُ ۖ فَمَا تَزِيدُونَنِي غَيْرَ تَخْسِيرٍ
Ол Салих : «Әй, елім! Айтыңдаршы, егер мен Раббым тарапынан анық дәлел үстінде болсам және Ол маған Өзінен мейірім нәсіп етіп, мен Оған бойсұнбасам, сонда мені Аллаһтан кім қорғайды? Сендер маған зияннан басқа еш нәрсе арттырмайсыңдар
وَيَا قَوْمِ هَٰذِهِ نَاقَةُ اللَّهِ لَكُمْ آيَةً فَذَرُوهَا تَأْكُلْ فِي أَرْضِ اللَّهِ وَلَا تَمَسُّوهَا بِسُوءٍ فَيَأْخُذَكُمْ عَذَابٌ قَرِيبٌ
Әй, елім! Мынау Аллаһтың түйесі, сендер үшін бір мұғжиза-белгі. Ол Аллаһтың жерінде жайылып жүрсін, оны жайына қалдырыңдар. Оған жамандық істеп, тиіспеңдер. Әйтпесе, сендерге жақын тұрған азап тиеді», деді
فَعَقَرُوهَا فَقَالَ تَمَتَّعُوا فِي دَارِكُمْ ثَلَاثَةَ أَيَّامٍ ۖ ذَٰلِكَ وَعْدٌ غَيْرُ مَكْذُوبٍ
Олар оның сіңірін кесіп тастады өлтірді . Салих: «тұрақтарыңда үш күн рахаттана тұрыңдар. бұл жалған болмаған бір уәде», деді
فَلَمَّا جَاءَ أَمْرُنَا نَجَّيْنَا صَالِحًا وَالَّذِينَ آمَنُوا مَعَهُ بِرَحْمَةٍ مِنَّا وَمِنْ خِزْيِ يَوْمِئِذٍ ۗ إِنَّ رَبَّكَ هُوَ الْقَوِيُّ الْعَزِيزُ
Әміріміз келген кезде, Салихты және онымен бірге иманға келгендерді Өзіміздің мейірімімізбен құтқардық әрі сол күннің қорлығынан да. Ақиқатында Раббың бәрінен Күшті, өте Үстем

Choose other languages: