Quran Apps in many lanuages:

Surah Hud Ayahs #15 Translated in Kazakh

إِلَّا الَّذِينَ صَبَرُوا وَعَمِلُوا الصَّالِحَاتِ أُولَٰئِكَ لَهُمْ مَغْفِرَةٌ وَأَجْرٌ كَبِيرٌ
Тек қана сабыр еткен және ізгі амал істегендердің жөні бөлек. Оларға кешірім әрі үлкен сый бар
فَلَعَلَّكَ تَارِكٌ بَعْضَ مَا يُوحَىٰ إِلَيْكَ وَضَائِقٌ بِهِ صَدْرُكَ أَنْ يَقُولُوا لَوْلَا أُنْزِلَ عَلَيْهِ كَنْزٌ أَوْ جَاءَ مَعَهُ مَلَكٌ ۚ إِنَّمَا أَنْتَ نَذِيرٌ ۚ وَاللَّهُ عَلَىٰ كُلِّ شَيْءٍ وَكِيلٌ
Ей, Мұхаммед! Бәлкім сен олардың: «Оған бір қазына түсірілмей ме? Немесе онымен бірге періште келмей ме?» деп айтатындары үшін өзіңе уахи етілгеннің кейбірін кейінге қалдырғың келер әрі оған кеудең сығылған болар. Анығында, сен тек ескертушісің. Ал, Аллаһ әрбір нәрсеге Өзі кепіл
أَمْ يَقُولُونَ افْتَرَاهُ ۖ قُلْ فَأْتُوا بِعَشْرِ سُوَرٍ مِثْلِهِ مُفْتَرَيَاتٍ وَادْعُوا مَنِ اسْتَطَعْتُمْ مِنْ دُونِ اللَّهِ إِنْ كُنْتُمْ صَادِقِينَ
Әлде олар: «Ол оны ойдан құрастырды», деп айта ма? Айт: «Егер шын сөзді болсаңдар, онда сендер осыған Құранға ұқсас, ойдан құрастырған он сүрені әкеліндер әрі Аллаһтан өзге шақыра алатындарыңды шақырыңдар
فَإِلَّمْ يَسْتَجِيبُوا لَكُمْ فَاعْلَمُوا أَنَّمَا أُنْزِلَ بِعِلْمِ اللَّهِ وَأَنْ لَا إِلَٰهَ إِلَّا هُوَ ۖ فَهَلْ أَنْتُمْ مُسْلِمُونَ
Егер олар шақырғандарың сендерге жауап бермесе, онда оның Құранның Аллаһтың білімімен түсірілгендігін әрі Одан басқа құдайдың жоқ екендігін біліңдер. Енді бойсұнбайсыңдар ма?» деп
مَنْ كَانَ يُرِيدُ الْحَيَاةَ الدُّنْيَا وَزِينَتَهَا نُوَفِّ إِلَيْهِمْ أَعْمَالَهُمْ فِيهَا وَهُمْ فِيهَا لَا يُبْخَسُونَ
Кім осы өмірді және оның сән-салтанатын қаласа, оларға онда осы дүниеде амалдарын толық қайтарамыз әрі оларға кемітілмейді

Choose other languages: