Quran Apps in many lanuages:

Surah Ghafir Ayahs #68 Translated in Kazakh

اللَّهُ الَّذِي جَعَلَ لَكُمُ الْأَرْضَ قَرَارًا وَالسَّمَاءَ بِنَاءً وَصَوَّرَكُمْ فَأَحْسَنَ صُوَرَكُمْ وَرَزَقَكُمْ مِنَ الطَّيِّبَاتِ ۚ ذَٰلِكُمُ اللَّهُ رَبُّكُمْ ۖ فَتَبَارَكَ اللَّهُ رَبُّ الْعَالَمِينَ
Аллаһ, Ол сендерге жерді тұратын мекен, ал аспанды құрылым етіп жасады. Ол сендердің кескін-келбеттеріңді қалыптастырып, тұлғаларыңды кемелдендіріп, көркем етті. Әрі Ол сендерге түрлі игіліктерден ризық берді. Міне, осы Аллаһ сендердің Раббың. Әлемдердің Раббысы Аллаһ аса Берекелі
هُوَ الْحَيُّ لَا إِلَٰهَ إِلَّا هُوَ فَادْعُوهُ مُخْلِصِينَ لَهُ الدِّينَ ۗ الْحَمْدُ لِلَّهِ رَبِّ الْعَالَمِينَ
Ол әл-Хайй мәңгі Тірі , Одан басқа ешбір құдай жоқ. Оған дінді ықыласпен ұстанған серік қосу, риядан тазартқан күйде, тек Одан ғана тілеңдер. Барлық мақтау -әлемдердің Раббысы Аллаһқа
قُلْ إِنِّي نُهِيتُ أَنْ أَعْبُدَ الَّذِينَ تَدْعُونَ مِنْ دُونِ اللَّهِ لَمَّا جَاءَنِيَ الْبَيِّنَاتُ مِنْ رَبِّي وَأُمِرْتُ أَنْ أُسْلِمَ لِرَبِّ الْعَالَمِينَ
Ей, Мұхаммед! Айт: «Маған Раббымнан анық дәлелдер келген кезде, сендердің Аллаһтан өзгеге шақырғандарыңа табынуым тыйым салынды. Әрі әлемдердің Раббысына бойсұнуға бұйырылдым», деп
هُوَ الَّذِي خَلَقَكُمْ مِنْ تُرَابٍ ثُمَّ مِنْ نُطْفَةٍ ثُمَّ مِنْ عَلَقَةٍ ثُمَّ يُخْرِجُكُمْ طِفْلًا ثُمَّ لِتَبْلُغُوا أَشُدَّكُمْ ثُمَّ لِتَكُونُوا شُيُوخًا ۚ وَمِنْكُمْ مَنْ يُتَوَفَّىٰ مِنْ قَبْلُ ۖ وَلِتَبْلُغُوا أَجَلًا مُسَمًّى وَلَعَلَّكُمْ تَعْقِلُونَ
Ол сендерді Адам атаны топырақтан, кейін Адамның ұрпақтарын тамшы ұрық суынан, содан кейін ұйыған қаннан жаратты. Содан соң Ол сендерді аналарыңның жатырынан нәресте етіп, кейін толысып жетілулерің, одан соң қартайып кәрі болуларың үшін шығарады, Сендердің іштерінде одан алдын қайтыс болатындар да бар, сөйтіп бәрің де белгіленген бір мерзімге жетулерің үшін. Бүл жайлы ақылдарыңды істетіп, ұғынарсыңдар
هُوَ الَّذِي يُحْيِي وَيُمِيتُ ۖ فَإِذَا قَضَىٰ أَمْرًا فَإِنَّمَا يَقُولُ لَهُ كُنْ فَيَكُونُ
Ол тірілтеді және өлтіреді. Қашан Ол бір іске шешім қабылдаса, оған: «Бол!» десе, сонда ол болады

Choose other languages: