Quran Apps in many lanuages:

Surah Ghafir Ayahs #30 Translated in Kazakh

وَقَالَ فِرْعَوْنُ ذَرُونِي أَقْتُلْ مُوسَىٰ وَلْيَدْعُ رَبَّهُ ۖ إِنِّي أَخَافُ أَنْ يُبَدِّلَ دِينَكُمْ أَوْ أَنْ يُظْهِرَ فِي الْأَرْضِ الْفَسَادَ
Фиръаун: «Мені қалдырыңдар, Мұсаны өлтірейін, қане ол Раббысын шақырсын. Мен оның діндеріңді өзгертуінен не жер бетінде Мысырда бұзғыншылық шығаруынан қорқамын», деді
وَقَالَ مُوسَىٰ إِنِّي عُذْتُ بِرَبِّي وَرَبِّكُمْ مِنْ كُلِّ مُتَكَبِّرٍ لَا يُؤْمِنُ بِيَوْمِ الْحِسَابِ
Мұса: «Мен Есеп күніне сенбеуші, әрбір өзін жоғары санаушыдан менің Раббым әрі сендердің Раббыңа Аллаһқа сиынып, Оның қорқауын сұраймын», деді
وَقَالَ رَجُلٌ مُؤْمِنٌ مِنْ آلِ فِرْعَوْنَ يَكْتُمُ إِيمَانَهُ أَتَقْتُلُونَ رَجُلًا أَنْ يَقُولَ رَبِّيَ اللَّهُ وَقَدْ جَاءَكُمْ بِالْبَيِّنَاتِ مِنْ رَبِّكُمْ ۖ وَإِنْ يَكُ كَاذِبًا فَعَلَيْهِ كَذِبُهُ ۖ وَإِنْ يَكُ صَادِقًا يُصِبْكُمْ بَعْضُ الَّذِي يَعِدُكُمْ ۖ إِنَّ اللَّهَ لَا يَهْدِي مَنْ هُوَ مُسْرِفٌ كَذَّابٌ
Фиръаунның әулетінен иманға келгенін жасырып жүрген бір кісі: «Сендер біреуді тек: «Раббым Аллаһ» дегені үшін өлтіресіңдер ме? Шын мәнінде ол сендерге өздеріңнің Раббыңнан анық дәлелдермен келді. Егер ол өтірік айтушы болса, өтірігі өз зиянына. Ал, егер шындықты айтса, ол уәде етіп отырғанның кейбірі сендерге келеді. Шын мәнінде, Аллаһ шектен шығушыны әрі өтірікшіні тура жолға салмайды
يَا قَوْمِ لَكُمُ الْمُلْكُ الْيَوْمَ ظَاهِرِينَ فِي الْأَرْضِ فَمَنْ يَنْصُرُنَا مِنْ بَأْسِ اللَّهِ إِنْ جَاءَنَا ۚ قَالَ فِرْعَوْنُ مَا أُرِيكُمْ إِلَّا مَا أَرَىٰ وَمَا أَهْدِيكُمْ إِلَّا سَبِيلَ الرَّشَادِ
Әй, елім! Бүгін билік сендерде, әрі жер бетінде үстем болып тұрсыңдар. Егер бізге Аллаһтың жазасы келсе, одан бізді кім құтқарады?» деді. Фиръаун: «Мен сендерге өзім қажет, жөн деп білгенімді көрсетемін әрі сендерді тек дұрысжолға бастаймын», деді
وَقَالَ الَّذِي آمَنَ يَا قَوْمِ إِنِّي أَخَافُ عَلَيْكُمْ مِثْلَ يَوْمِ الْأَحْزَابِ
Сонда иманға келген кісі: «Әй, елім! Мен сендерге, алдыңғы өздеріңдей қауымдарға түскен күннің келуінен қорқамын

Choose other languages: