Quran Apps in many lanuages:

Surah Fussilat Ayahs #50 Translated in Kazakh

مَنْ عَمِلَ صَالِحًا فَلِنَفْسِهِ ۖ وَمَنْ أَسَاءَ فَعَلَيْهَا ۗ وَمَا رَبُّكَ بِظَلَّامٍ لِلْعَبِيدِ
Кім ізгі амал істесе, ол өзі үшін. Ал, кім жамандық істесе, ол да өзіне қарсы өз зиянына . Сенің Раббың құлдарға әділетсіздік жасаушы емес
إِلَيْهِ يُرَدُّ عِلْمُ السَّاعَةِ ۚ وَمَا تَخْرُجُ مِنْ ثَمَرَاتٍ مِنْ أَكْمَامِهَا وَمَا تَحْمِلُ مِنْ أُنْثَىٰ وَلَا تَضَعُ إِلَّا بِعِلْمِهِ ۚ وَيَوْمَ يُنَادِيهِمْ أَيْنَ شُرَكَائِي قَالُوا آذَنَّاكَ مَا مِنَّا مِنْ شَهِيدٍ
Сағат Қайта тірілу күні туралы білім Оған қайтарылады. Барлық жемістердің қауашақтарынан шығуы әрі әрбірұрғашының жүкті болуы және тууы Оның білімімен ғана. Сол күні Ол: «Менің «серіктерім» Маған таңғандарың қайда?» деп оларға үндейді. Олар серік қосушылар : «Біз Өзіңе арамызда куә болушы жоқ екенін білдірдік», дейді
وَضَلَّ عَنْهُمْ مَا كَانُوا يَدْعُونَ مِنْ قَبْلُ ۖ وَظَنُّوا مَا لَهُمْ مِنْ مَحِيصٍ
Әрі бұрын жалбарынып келгендері олардан жоқ болады. Сондай-ақ, олар өздеріне құтылар жер жоқ екендігін түсінеді
لَا يَسْأَمُ الْإِنْسَانُ مِنْ دُعَاءِ الْخَيْرِ وَإِنْ مَسَّهُ الشَّرُّ فَيَئُوسٌ قَنُوطٌ
Адам баласы жақсылықты тілеуден жалықпайды. Ал, егер оған жамандық тисе, күдерін үзіп, үмітсіздікке түседі
وَلَئِنْ أَذَقْنَاهُ رَحْمَةً مِنَّا مِنْ بَعْدِ ضَرَّاءَ مَسَّتْهُ لَيَقُولَنَّ هَٰذَا لِي وَمَا أَظُنُّ السَّاعَةَ قَائِمَةً وَلَئِنْ رُجِعْتُ إِلَىٰ رَبِّي إِنَّ لِي عِنْدَهُ لَلْحُسْنَىٰ ۚ فَلَنُنَبِّئَنَّ الَّذِينَ كَفَرُوا بِمَا عَمِلُوا وَلَنُذِيقَنَّهُمْ مِنْ عَذَابٍ غَلِيظٍ
Ал, егер өзіне тиген жамандықтан кейін оған Өзімізден бір рахым көрсетсек, ол: «Бұл мен үшін. Мен Сағатты Қайта тірілу күнін болады деп ойламаймын. Ал, егер Раббымның алдына қайтарылсам, Оның алдында маған әлбетте, ең жақсысы болады» , дейді. Сөзсіз, Біз күпірлік еткендерге Аллаһқақарсы келгендерге не істегендерінің хабарын береміз әрі оларға ауыр азапты таттырамыз

Choose other languages: