Quran Apps in many lanuages:

Surah Fussilat Ayahs #34 Translated in Kazakh

إِنَّ الَّذِينَ قَالُوا رَبُّنَا اللَّهُ ثُمَّ اسْتَقَامُوا تَتَنَزَّلُ عَلَيْهِمُ الْمَلَائِكَةُ أَلَّا تَخَافُوا وَلَا تَحْزَنُوا وَأَبْشِرُوا بِالْجَنَّةِ الَّتِي كُنْتُمْ تُوعَدُونَ
Ақиқатында: «Раббымыз Аллаһ» деп, кейін туралықты ұстанғандарға періштелер түсіп: «Қорықпаңдар және қайғырмаңдар әрі сендерге уәде етілген жәннатқа қуаныңдар
نَحْنُ أَوْلِيَاؤُكُمْ فِي الْحَيَاةِ الدُّنْيَا وَفِي الْآخِرَةِ ۖ وَلَكُمْ فِيهَا مَا تَشْتَهِي أَنْفُسُكُمْ وَلَكُمْ فِيهَا مَا تَدَّعُونَ
Біз сендердің осы өмірдегі және соңғы, мәңгілік өмірдегі ақиреттегі достарыңбыз. Сендерге ол жерде жандарыңның қалағаны бар. Әрі сендерге ол жерде сұрағандарыңның бәрі бар
نُزُلًا مِنْ غَفُورٍ رَحِيمٍ
өте Кешірімді , ерекше Мейірімдіден сый-құрмет ретінде», дейді
وَمَنْ أَحْسَنُ قَوْلًا مِمَّنْ دَعَا إِلَى اللَّهِ وَعَمِلَ صَالِحًا وَقَالَ إِنَّنِي مِنَ الْمُسْلِمِينَ
Аллаһқа шақырып, әрі ізгі амал істеп және: «Шын мәнінде, мен мұсылмандарданмын», деген адамның сөзінен кімнің сөзі жақсы бола алады
وَلَا تَسْتَوِي الْحَسَنَةُ وَلَا السَّيِّئَةُ ۚ ادْفَعْ بِالَّتِي هِيَ أَحْسَنُ فَإِذَا الَّذِي بَيْنَكَ وَبَيْنَهُ عَدَاوَةٌ كَأَنَّهُ وَلِيٌّ حَمِيمٌ
Жақсылық пен жамандық тең бола алмайды. Жамандықты ең жақсы нәрсемен қайтар. Сонда араларыңда дұшпандық болған біреу жақын достай болады

Choose other languages: