Quran Apps in many lanuages:

Surah Fussilat Ayahs #5 Translated in Kazakh

حم
Ха. Мим
تَنْزِيلٌ مِنَ الرَّحْمَٰنِ الرَّحِيمِ
Аса Қайырымды, ерекше Мейірімдіден түсірілген
كِتَابٌ فُصِّلَتْ آيَاتُهُ قُرْآنًا عَرَبِيًّا لِقَوْمٍ يَعْلَمُونَ
Арабша Құран етіп, білетін адамдар үшін аяттары анық түсіндіріліп түсірілген бір Кітап
بَشِيرًا وَنَذِيرًا فَأَعْرَضَ أَكْثَرُهُمْ فَهُمْ لَا يَسْمَعُونَ
қуанышты хабар жеткізуші әрі ескертіп, сақтандырушы ретінде. Бірақ, олардың адамдардың көбі теріс бұрылады сөйтіп құлақ аспайды
وَقَالُوا قُلُوبُنَا فِي أَكِنَّةٍ مِمَّا تَدْعُونَا إِلَيْهِ وَفِي آذَانِنَا وَقْرٌ وَمِنْ بَيْنِنَا وَبَيْنِكَ حِجَابٌ فَاعْمَلْ إِنَّنَا عَامِلُونَ
Әрі олар: «Сенің бізді шақырып жатқан нәрседен біздің жүректеріміз перделеніп тұмшаланған әрі құлақтарымызда кереңдік бар, ал біз бен сенің арамызда тосық бар. Сен өз амалыңды істе, біз де өз амалымызды істей береміз»,- деді

Choose other languages: