Quran Apps in many lanuages:

Surah Fatir Ayahs #41 Translated in Kazakh

وَهُمْ يَصْطَرِخُونَ فِيهَا رَبَّنَا أَخْرِجْنَا نَعْمَلْ صَالِحًا غَيْرَ الَّذِي كُنَّا نَعْمَلُ ۚ أَوَلَمْ نُعَمِّرْكُمْ مَا يَتَذَكَّرُ فِيهِ مَنْ تَذَكَّرَ وَجَاءَكُمُ النَّذِيرُ ۖ فَذُوقُوا فَمَا لِلظَّالِمِينَ مِنْ نَصِيرٍ
Әрі олар онда: «Раббымыз! Бізді шығар, бұрынғы істегендерімізден басқа, ізгі амал істейік»,-деп зар қағады. Сонда Оларға : «Біз сендерге, еске алушы адам еске алатындай ұзақ өмір бермедік пе? Әрі сендерге ескертуші де келген еді. Енді азапты татыңдар, әділетсіздерге ешбір көмек беруші жоқ», делінеді
إِنَّ اللَّهَ عَالِمُ غَيْبِ السَّمَاوَاتِ وَالْأَرْضِ ۚ إِنَّهُ عَلِيمٌ بِذَاتِ الصُّدُورِ
Ақиқатында, Аллаһ аспандардағы және жердегі ғайыпты жасырын нәрселерді Білуші. Ақиқатында, Ол кеуделердегіні жүректердегіні жақсы Білуші
هُوَ الَّذِي جَعَلَكُمْ خَلَائِفَ فِي الْأَرْضِ ۚ فَمَنْ كَفَرَ فَعَلَيْهِ كُفْرُهُ ۖ وَلَا يَزِيدُ الْكَافِرِينَ كُفْرُهُمْ عِنْدَ رَبِّهِمْ إِلَّا مَقْتًا ۖ وَلَا يَزِيدُ الْكَافِرِينَ كُفْرُهُمْ إِلَّا خَسَارًا
Ол сондай, сендерді жерде халифалар орнын басушылар етті. Кім күпірлік етсе иманға келмесе , оның күпірлігі қарсылығы өзінің зиянына. Кәпірлерге олардың күпірліктері имансыздықтары Раббысының алдында жек көрушіліктен басқаны арттырмайды. Әрі кәпірлерге күпірліктері тек зиянды ғана арттырады
قُلْ أَرَأَيْتُمْ شُرَكَاءَكُمُ الَّذِينَ تَدْعُونَ مِنْ دُونِ اللَّهِ أَرُونِي مَاذَا خَلَقُوا مِنَ الْأَرْضِ أَمْ لَهُمْ شِرْكٌ فِي السَّمَاوَاتِ أَمْ آتَيْنَاهُمْ كِتَابًا فَهُمْ عَلَىٰ بَيِّنَتٍ مِنْهُ ۚ بَلْ إِنْ يَعِدُ الظَّالِمُونَ بَعْضُهُمْ بَعْضًا إِلَّا غُرُورًا
Ей, Мұхаммед! Айт: «Аллаһтан өзге жалбарынатын, өздерің серік етіп қосқандарың жайлы ойлайсыңдар ма? Маған олардың жерден нені жаратқанын көрсетіңдерші?» деп. Әлде олардың аспандарда оларды жаратуда үлесі бар ма? Әлде Біз оларға бір Кітап беріп, олардың одан анық дәлелі бар ма? Жоқ! Негізінде, әділетсіздер бір-біріне жалғанды ғана уәде етеді
إِنَّ اللَّهَ يُمْسِكُ السَّمَاوَاتِ وَالْأَرْضَ أَنْ تَزُولَا ۚ وَلَئِنْ زَالَتَا إِنْ أَمْسَكَهُمَا مِنْ أَحَدٍ مِنْ بَعْدِهِ ۚ إِنَّهُ كَانَ حَلِيمًا غَفُورًا
Ақиқатында, Аллаһ аспандарды және жерді ауытқып кетуінен ұстап тұра­ды. Егер ол екеуі ауытқып кетсе, оларды Аллаһтан кейін ешкім ұстап тұра алмайды. Ақиқатында, Ол аса Ұстамды, өте Кешірімді

Choose other languages: