Quran Apps in many lanuages:

Surah Fatir Ayahs #37 Translated in Kazakh

جَنَّاتُ عَدْنٍ يَدْخُلُونَهَا يُحَلَّوْنَ فِيهَا مِنْ أَسَاوِرَ مِنْ ذَهَبٍ وَلُؤْلُؤًا ۖ وَلِبَاسُهُمْ فِيهَا حَرِيرٌ
Олар ’Адн жәннаттарына кіреді, онда алтын білезіктер және інжулермен безенеді. Әрі ондағы киімдері жібектен болады
وَقَالُوا الْحَمْدُ لِلَّهِ الَّذِي أَذْهَبَ عَنَّا الْحَزَنَ ۖ إِنَّ رَبَّنَا لَغَفُورٌ شَكُورٌ
Әрі олар: «Бізден қайғыны кетірген Аллаһқа мақтау болсын! Ақиқатында Раббымыз аса Кешірімді, қайтарым сыйын беруші
الَّذِي أَحَلَّنَا دَارَ الْمُقَامَةِ مِنْ فَضْلِهِ لَا يَمَسُّنَا فِيهَا نَصَبٌ وَلَا يَمَسُّنَا فِيهَا لُغُوبٌ
Ол бізді Өз кеңшілігімен мәңгілік тұрақты орынға жайластырды, ол жерде бізге шаршау әрі ол жерде бізге қажу да болмайды», дейді
وَالَّذِينَ كَفَرُوا لَهُمْ نَارُ جَهَنَّمَ لَا يُقْضَىٰ عَلَيْهِمْ فَيَمُوتُوا وَلَا يُخَفَّفُ عَنْهُمْ مِنْ عَذَابِهَا ۚ كَذَٰلِكَ نَجْزِي كُلَّ كَفُورٍ
Ал, сондай күпірлік етушілер Раббысымен кездесуге сенбегендер ° үшін Жаһаннам оты бар. Оларға онда өлім шешімі шығарылмайды да әрі олардан оның азабы жеңілдетілмейді. Біз әрбір күпірлік етушінің имансыздықтақасарысқандардың қайтарым жазасын осылай береміз
وَهُمْ يَصْطَرِخُونَ فِيهَا رَبَّنَا أَخْرِجْنَا نَعْمَلْ صَالِحًا غَيْرَ الَّذِي كُنَّا نَعْمَلُ ۚ أَوَلَمْ نُعَمِّرْكُمْ مَا يَتَذَكَّرُ فِيهِ مَنْ تَذَكَّرَ وَجَاءَكُمُ النَّذِيرُ ۖ فَذُوقُوا فَمَا لِلظَّالِمِينَ مِنْ نَصِيرٍ
Әрі олар онда: «Раббымыз! Бізді шығар, бұрынғы істегендерімізден басқа, ізгі амал істейік»,-деп зар қағады. Сонда Оларға : «Біз сендерге, еске алушы адам еске алатындай ұзақ өмір бермедік пе? Әрі сендерге ескертуші де келген еді. Енді азапты татыңдар, әділетсіздерге ешбір көмек беруші жоқ», делінеді

Choose other languages: