Quran Apps in many lanuages:

Surah Fatir Ayahs #31 Translated in Kazakh

أَلَمْ تَرَ أَنَّ اللَّهَ أَنْزَلَ مِنَ السَّمَاءِ مَاءً فَأَخْرَجْنَا بِهِ ثَمَرَاتٍ مُخْتَلِفًا أَلْوَانُهَا ۚ وَمِنَ الْجِبَالِ جُدَدٌ بِيضٌ وَحُمْرٌ مُخْتَلِفٌ أَلْوَانُهَا وَغَرَابِيبُ سُودٌ
Аллаһтың аспаннан су түсіргенін көрмедің бе? Біз онымен түрлі-түсті жемістер шығардық. Әрі тауларда да түстері әртүрлі жолақтар бар ақ, қызыл және өте қарасы
وَمِنَ النَّاسِ وَالدَّوَابِّ وَالْأَنْعَامِ مُخْتَلِفٌ أَلْوَانُهُ كَذَٰلِكَ ۗ إِنَّمَا يَخْشَى اللَّهَ مِنْ عِبَادِهِ الْعُلَمَاءُ ۗ إِنَّ اللَّهَ عَزِيزٌ غَفُورٌ
Адамдардың және жануарлар мен шаруа малдарының да осы секілді түрлі реңдегілері бар. Шын мәнінде, Аллаһтан Оның құлдарының ішінен, білімі барлары қорқады. Ақиқатында, Аллаһ бәрінен Үстем, өте Кешірімді
إِنَّ الَّذِينَ يَتْلُونَ كِتَابَ اللَّهِ وَأَقَامُوا الصَّلَاةَ وَأَنْفَقُوا مِمَّا رَزَقْنَاهُمْ سِرًّا وَعَلَانِيَةً يَرْجُونَ تِجَارَةً لَنْ تَبُورَ
Ақиқатында, Аллаһтың кітабын оқитын, намазды барлық шарттарын сақтап, беріле толық орындайтын және Біз ризық етіп бергеннен жасырын әрі ашық түрде жұмсайтындар ұтылмайтын зиянға ұшырамайтын сауданы үміт етеді
لِيُوَفِّيَهُمْ أُجُورَهُمْ وَيَزِيدَهُمْ مِنْ فَضْلِهِ ۚ إِنَّهُ غَفُورٌ شَكُورٌ
Ол Аллаһ оларға сыйларын толық береді әрі Өз кеңшілігінен арттырып береді. Ақиқатында, Ол өте Кешірімді, қайтарым сыйын Беруші
وَالَّذِي أَوْحَيْنَا إِلَيْكَ مِنَ الْكِتَابِ هُوَ الْحَقُّ مُصَدِّقًا لِمَا بَيْنَ يَدَيْهِ ۗ إِنَّ اللَّهَ بِعِبَادِهِ لَخَبِيرٌ بَصِيرٌ
Ей, Мұхаммед! Біз саған уахи еткен Кітап Құран ақиқат, өзінен алдыңғыларды кітаптарды растаушы. Шын мәнінде, Аллаһ құлдарынан толық Хабардар, бәрін көріп тұрушы

Choose other languages: